astana-view

Корольдік жолымен төреші болу

2015 жылғы 22 Мамыр
7883 просмотров

.

«Халықаралық шарт және дауды халықаралық коммерциялық төрелікте реттеу» тақырыбындағы семинар Ұлыбритания Корольдік төрешілер институтының (CIArb) 100 жылдығына орайластырылды.

Айтарлықтай интенсивті форматта өткен семинар қатысушыларын Корольдік төрешілер институты мүшелерінің әрбір құжаттаманы мұқият зерттей отырып, қатаң түрде іріктегенін айта кету керек. Ақырында заңгерлік саласындағы танымал да құрметті кәсіпқойлар дәрісін Қазақстан мен Ресейдің тәжірибелі, машықтанған заңгерлері ғана тыңдау мүмкіндігін иеленді.

Capital Business Events эксклюзивті түрде өткізіп отырған CIArb біліктілік семинар бірегейлігі оқытудың орыс тілінде өткізілгендігінде болып отыр. Мұндай орыс тілінде ғана өткізілетін бағдарлама әлемде кездеспейді.

«Бұл семинар төрешілердің біліктілігін көтеру мақсатында, не болмаса заңгерлердің қандай да бір базалық білімдер мен дағдыларды алуы үшін, төреші ролінде қажеті болатын практикалық машықтар алу үшін өткізіледі», - деп атады CIArb Корольдік институтының (Ұлыбритания) толық мүшесі,   White & Case серіктесі, Ағылшын-Ресей заңгерлік қауымдастығының бас хатшысы Дэвид Голдберг.

Дэвид Голдберг сонымен бірге аталмыш біліктіліктің болашақта төреші болып сайлануға кепілдік бермейтінін баса көрсетті. «Бұл өзінше бір сапа белгісі деуге болады. Кем дегендеаталмыш төрешілер белгілі бір стандартты орындайтыны анық. Яғни оларға төрешілік процестері таныс, және де олар өздеріне төреші ретінде талап қойлатынын біледі», - деп түсіндірді ол.

CIArb Корольдік төрешілер институты мүшесінің ойынша, мұндай семинарлар заңгерлердің бірінші кезекте халықаралық тәжірибені ескере отырып халықаралық коммерциялық төрелік жайлы білім алатынымен пайдалы, олар сонымен бірге елінде жасаған жұмысының нәтижесінде алған «ұлттық байлығынан» абстракциялануды білуге тиіс.

Дэвид Голдбергтің ойынша, халықаралық коммерциялық төрелікте дауды реттеу мәселелері кез-келген мемлекет үшін өзекті, себебі бұл инвестиция тартуға әсер етеді.

«Яғни бұл елдегі сот төрелігінің жұмыс жасау деңгейінің көрсеткіші. Юрисдикция төрелікке жақын болған сайын, ол инвестициялар үшін тартымды бола түседі, сәйкесінше, мұндай іс-шаралар қаншалықты көп өткізілсе, төрешілер ролін соншалықты түсіне бастаймыз. Дәл осындай тренингтерді судьялар үшін де өткізу қажет. Міне, сонда мемлекет инвестициялар тұрғысынан да біршама тартымды бола түседі», - деп қорытты сөзін Дэвид Голдберг.

Семинарға қатысушылардың бірі, Ресейлік өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының өкілі, Мәскеу қаласындаңы «Азкон» адвокаттық бюросының Басқарушы серіктесі Игорь Волков айтып өткендей, мұндай семинарлар дәріскерлердің халықаралық коммерциялық төрелік саласындағы ең үздік халықаралық практикасының зор тәжірибесін меңгергендігімен пайдалы.

«Біз әлемдегі заманауи тенденциялар туралы түпкі деректемеден құлағдар болу мүмкіндігіне ие болдық. Мысалы, мені соңғы кездері халықаралық коммерциялық төрешілерге (төрелік соттарға) жүгінулер саны артып келе жатқаны таңқалдырады,ал Ресейде аралық сотта талқылау соншалықты көп таралмаған. Сонымен қатар халықаралық коммерциялық дауларды шешумен айналысатындар, негізінде, әлемде мойындалған, аталмыш қатынастарға қатысушылардың арасында айтарлықтай үлкен беделге ие адамдар болып табылатынын да білу қызықты болды. Өкінішке орай, біздің мемлекеттік соттарда бұл жоқтың қасы», - деп түйіндеді ресейлік адвокат.

Семинарға қатысушылардың бірі,  White & Case Қазақстандағы серіктесі Максим Телемтаевтың ойынша, семинар дәрісті халықаралық төрелік саласындағы аса зор танымға ие тәжірибелі практиктер оқығанымен құнды.

«Қазір Қазақстанда төрелік заңнаманы жетілдіру жөнінен белсенді жұмыстар жүргізілуде, және де аталмыш семинарды өткізу өте маңызды, себебі коммерциялық мәселелерді реттеу мәселелерін терең түсінуге, болашақта жаңа заң жобасын дайындау кезінде базалық негіз қызметін атқаратын халықаралық тәжірибемен танысуға мүмкіндік береді», - деді Максим Телемтаев.

Оның ойынша, отандық заң шығарушылар өз жұмысында Англия, Швейцария сияқты дауды баламалы реттеу жүз жылдан бері тәжірибеде орын алған елдерге бағдарлану керек. Олардың тәжірибесі төрелік институты қалыптасу сатысында жатқан Қазақстан заңгерлерінің де қызығушылығын тудырады.

«Мұндай семинарлар – төреліктің және басқа елдерде дауды шешудің басқа да тәсілдерін шешу ерекшеліктерін егжей-тегжейлі зерттегісі келетін заңгерлер үшін жақсы демеу, олар кейін мұны тәжірибеде табыспен қолданатын болады», - деп атады Максим Телемтаев. Оның айтуынша, төрелік – бұл туындаған дауды жедел, экономикалық тұрғыдан тиімді шешу.

Оқыту қорытындысы бойынша барлық қатысушылар Корольдік төрешілер институты CIArb (ACIArb) Қауымдастырылған мүшесі дәрежесіне ие болды. Ең үздік нәтижелер көрсеткен ізденушілерге Корольдік төрешілер институты (MCIAr) Мүшесі дәрежесі берілді.

Ауызша және жазбаша жұмыстар нәтижелері бойынша ең көп балл жинаған White & Case (Қазақстан) компаниясының қызметкерлері болды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер