astana-view

Қолма-қол ақшамен есеп айырысу жайлы

2015 жылғы 22 Мамыр
9396 просмотров

Мемлекеттік табыс комитетінің көлеңкелі айналымды шектеу бойынша қолданылатын шараларға қатысты таратқан баспасөз хабарламасынан кейін,  «Атамекен»  ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлер мен азаматтардан келіп түскен қоңыраулар саны артуда. Түсінік алу үшін palata.kz ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваға жүгінді.

«Қаржы министрлігімен кеңестік және аталмыш хабарламаға түсініктеме бергіміз келеді», - деді Юлия Якупбаева.

«Біріншіден, Қаржы министрлігінің ұсынысы кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын азаматтарға қатысты емес. Комитет жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін шектеу енгізуді ұсынады.

Екіншіден, Комитеттің қолма-қол ақшаны шоттан алуға шектеу қою жөніндегі ұсыныстары қабылданған заңнамалық акт болып табылмайды. Бұл Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспар аясындағы Комитеттің Жұмыс тобына енгізілген бастамасы. Аталмыш бастама алғаш рет талқыланып отырған жоқ. Оны қолдайтын мемлекеттік органдар бар, қолдамайтындар да баршылық.

Қалай болғанмен, ҰКП аталмыш шара дер кезінде енгізіліп отыр деп есептейді. Оны қолма-қол ақшасыз тәртіпте есеп-айырысуға ынталандыратын жағдай жасалған соң, біртіндеп енгізу керек. Сонымен қатар, капиталды заңдастыру жүргізу кезеңінде аталмыш ұсынысты енгізу амнистия бойынша қабылданатын шараларға қайшы келетін болады.

Норманың пікірталас тудыратынын ескере отырып, биыл енгізілмейді деп ойлаймыз. Норма енгізудің лайықтылығын, оның қандай түрде және қай күннен бастап қабылдануы мүмкін екенін Жұмыс тобының аясында талқылайтын боламыз», - деп атады «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер