astana-view

Журналистер, жұмыстарыңызды күтеміз!

2015 жылғы 22 Мамыр
13148 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Еуразиялық экономикалық одақтағы қазақстандық бизнес: интеграцияның жағымды және жағымсыз тұстары» тақырыбында журналистік еңбектерге байқау жариялайды.

Байқау номинациялары:

- баспа БАҚ-тағы үздік талдамалы материал;

- теледидардағы үздік репортаж (ақпараттық-талдамалық бағдарламаға арналған сюжет, деректі фильм);

- Интернет-БАҚ-тағы үздік талдамалы материал;

- үздік радио-сюжет;

Байқау мемлекеттік және орыс тілдерінде Журналистика күні қарсаңында өткізіледі.

Байқауға республикалық және өңірлік БАҚ журналистері қатыса алады.

Байқау мақсаты – Еуразиялық экономикалық одақтың Қазақстан бизнесіне әсері жайлы объективті ақпарат тарату.

2014 жылғы 1 қарашадан бастап 2015 жылғы 15 маусымға дейінгі аралықта БАҚ-та жарияланған немесе эфирге шыққан журналистік жұмыстар қабылданады.

Өтінімдер мен жұмыстарды қабылдаудың соңғы күні – 2015 жылғы 18 маусым.

Байқау лауреаттары дипломдармен, қаржылай сыйлықтармен және бағалы жүлделермен марапатталады.

Қатысу үшін өтінім толтырып, байқау жұмыстарын pr@palata.kz мекенжайына жолдау қажет.

Байқауға жұмыс ұсыну тәртібі:

Байқауға жіберілетін әрбір жұмысқа автордың аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы мен байланыс деректері (электронды мекенжай және телефон номері) көрсетілген және БАҚ басшысының қолы қойылған жеке өтінім рәсімделуі тиіс. Байқауға БАҚ-та штаттан тыс жұмыс жасайтын авторлар да қатыса алады.

Аудио және бейнематериалдар эфирлік анықтамалармен бірге ұсынылады.

Байқау өтініштері хабарландыру жарияланған күннен бастап қабылданады.

Телевизиялық жұмыстар DVD-дискілермен ұсынылады, радио және фото жұмыстар – CD-дискілермен, баспа материалдар Word форматында ұсынылады және PDF форматындағы жарияланымымен бірге жіберіледі (скан көшірме БАҚ шығыс деректері мен ақпаратынан тұруға тиіс).

Бейнематериалдар DVD форматында кем дегенде 1280х720 рix анықтықта ұсынылады, хронометраж – кем дегенде 3 минут (бейнесюжеттер үшін) және көп дегенде 30 минут (деректі фильмдер немесе телебағдарламалар үшін).

Аудиоматериалдар mp3 форматында ұсынылады, хронометраж – көп дегенде 20 минут.

Word форматындағы мәтіндік материалдар Байқаудың ұйымдастырушы комитетінің электронды мекенжайы бойынша қабылданады.

Материалдар талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Байқауды ұйымдастыру комитеті қатысушының өтінімін қайтаруға құқылы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер