astana-view

Бизнес «болгар тұздығымен»…

2015 жылғы 25 Мамыр
7184 просмотров

Үкіметтік емес ұйымның мақсаты – екі елдегі бизнес-құрылымдар арасында екі жақты қарым-қатынасты дамыту.

«Болгария мен Қазақстан арасындағы сауда әрекеттестігі жағымды сипат алған, дегенмен де, ол үлкен даму әлеуетіне ие және оны өркендету қажет. Болгарлық-Қазақстандық сауда палатасы осыған сеп болады деген үміттеміз. Болгария Республикасы Қазақстанның көптен бергі серіктесі болып табылады. Сонымен бірге Қазақстан экономикасы дамып келе жатқанын, ал халықтың сатып алу қабілеті де өсіп келе жатқанын ескереміз», - деді Болгария республикасы экономика министрі Божидар Лукарский.

Ол Болгарияның отандық тауарлар мен қызметтердің Қазақстанға экспортын арттыру үшін жақсы әлеуеті бар екенін баса көрсетті. Экспортталатын тауарлар арасында көкөністер мен жеміс-жидекті қайта өңдеуге арналған жабдық, сұйықтықтар сорғысы мен электр батареялары, жиһаз, азық-түлік, құрылыс және туристік қызметтер, косметика өнімдері және басқалары бар.

Министр сонымен қатар елдің инвесторларды, соның ішінде қазақстандық инвесторларды қорғауға үлкен назар аударатынын атады.

«Дүниежүзілік экономикалық дағдарысқа қарамастан, Болгария бизнес үшін жеңілдікті жағдайды ұстап отыр», - деп қосты ол.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы басқарма төрағасының орынбасары Аян Еренов БҚСП құрылуын бұдан былайғы өзара экономикалық ынтымақтастық үшін қаланған іргетаспен салыстырды.

«Болгарияда немесе Қазақстанда жұмыс жасайтын көптеген компаниялар қалай да өз серіктесін тауып жатады. Алайда, менің ойымша, олар мұны құрылып жатқан Палата сияқты құрал арқылы жылдамырақ жасайтын болады. Сондықтан да, ең алдымен, аталмыш құрылымның жұмысына табыс тілегіміз келеді. Жұмыс жасайық, халқымыздың игілігі үшін экономикалық көпір тұрғызайық», - деп қорытты ол.

Болгарлық-Қазақстандық сауда палатасы мен ҚР Сыртқы сауда палатасы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер