astana-view

Кәсіпкерге сенімді қорғау

2015 жылғы 26 Мамыр
- Батыс Қазақстан облысы
16131 просмотров

 Отырысты Кеңес төрағасы, БҚО Өңірлік Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі Хайдар Қапанов ашты.

«Кеңес беделінің, кәсіпкерлердің оған деген сенімінің өскенін атап өткім келеді, бұған Кеңес Хатшылығына келіп жеткен өтініштер санының артуы куә», - деп мәлімдеді Хайдар Қапанов.

Мемлекеттік сатып алу мәселелері кәсіпкерлер үшін ең толғақты мәселе болып қала береді. Өңір бизнесмендерінің ұсыныстары мен өтініштерін ескере отырып, күн тәртібіне Батыс Қазақстан облысында «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР  Заңын тәжірибеде қолдану туралы мәселе қарауға шығарылды. Кеңес назарына бизнесмендерден келіп түскен жүйелік бұзулар туралы ақпарат, кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алулар бойынша өтініштерін қарау нәтижелері, қолданыстағы заңнама талаптары және т.б. ұсынылды.

Мәселені жан-жақты қарау мақсатында Кеңеске мамандандырылған экономикалық сот судьясы Любовь Корсакова шақырылды. Ол көбінесе әлеуетті жеткізушілердің өздері шартқа қол қою мерзімін бұзатынын, не шарт жасаудан бас тарту туралы хат жолдайтынын, не болмаса мүлде елемейтінін және тапсырыс берушімен байланысқа шықпайтынын атады. 2015 жылы 203 азаматтық іс бойынша талапкерлердің талаптары қанағаттандырылып, 46 азаматтық іс талаптан бас тартумен қаралды.

Талқылау барысында кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алулар мен тендерлер өткізу тәжірибесінің даулы мәселелерін қозғады (мысалы, өтінімдер, сонымен қатар біліктілік талаптарын беру және қарау мерзімдері).

«Алгоритм» Технопаркі» ЖШС өтініші аса қызу талқыланды. Кәсіпорын директоры «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Батыс Қазақстан филиалының табиғи газды өткізу және тасымалдау бойынша қызметтеріне жүз пайыз алдын ала төлем, сондай-ақ оны тұтыну көлемін асырғаны үшін өсімпұл төлеу туралы талаптарына баға беруді сұрап жүгінді.

Бұрындары Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің 2014 жылғы 14 мамырда өткен отырысында басқа бір компанияның осыған ұқсас өтініші қаралған болатын. Оның нәтижесі бойынша «ҚазТрансГазАймақ» АҚ филиалына сәйкес ұсыныстар беріліп, оның орындалуынан көптеген кәсіпкерлер түйткілдері оң шешім тапқан еді. Дей тұрғанмен, газ тасымалдаушы компанияға шағымдар облыс кәсіпорындарынан әлі күнге дейін келіп тұрады.

БҚО Кәсіпкерлер палатасы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ шағымдарының заңдылығын зерттеу үшін Орал прокуратурасына жүгінді. Прокуратура табиғи монополия субъектісі тарапынан заң бұзылуын анықтап, 2015 жылғы 18 мамырда наразылық жасалады.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ филиалының өкілі Әділбек Хафизов қолданыстағы заңнаманың кейбір қайшылықтары туралы хабарлады, және де прокурорлық наразылық бойынша ақтық шешімді компанияның орталық аппаратымен келіскен соң хабарлауға уәде берді.

Кеңес талқылауына шығарылған тағы бір мәселе шағын және орта бизнестің көптеген субъектілері үшін кредиттің қолжетімсіздігі түйткілі болды. Мәселені бизнес-қоғамдастықтың алғаш рет көтеріп отырмағанын атап өтеміз. Кеңес ақпан отырысында банк жүйесінің бұрынғы тәжірибелі қызметкері, Кеңес мүшесі Әлия Сәлиеваға Батыс Қазақстан облысы бизнесінің кредит ресурстарына қолжетімділігі түйткіліне мұқият талдау жүргізуді тапсырды. Әлия Сәлиева зерттеу нәтижелері жайлы баяндап, түйткілді шешу бойынша ұсыныстар енгізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер