astana-view

Құрылыс сапасын арттыруда

2015 жылғы 26 Мамыр
- Жетісу облысы
16636 просмотров

Аталмыш бағыттағы жұмыс 2015 жылдың басынан жүргізліп келген еді.  Палата өкілдері мен Алматы облысы бизнес қоғамдастығы делегаттарының сәуір айында Қазан қаласына жасаған сапары кезінде «Мәңгілік» ЖШС (Қазақстан) және «PolаrSip–Қазан» Компаниясы (Ресей) арасында канадалық технология бойынша тез тұрғызылатын үйлер шығару жөніндегі меморандумға қол қойылған болатын.

2015 жылғы 25 мамырда Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа бірлескен кәсіпорын өкілдері  Олег Иванов, Сергей Арсентьев пен Қайрат Мәнліков PolаrSip технологиясының презентациясын ұсынады. Кездесу Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының сұхбат алаңында өтті.

Ресейде сип-панельдерден үй тұрғызудың канадалық технологиясы бойынша аз қабатты үй салу 9 жыл бойы жүргізіліп келеді. Оның табыспен қолданылуы ең алдымен Канада мен Ресей климатының көп ұқсас болып келуінен болып отыр. Панельден жасалған мұндай үйлер қыста жылуды ұстап тұрады, жылдам тұрғызылады, күрделі іргетасты қажет етпейді, ауыр құрылыс техникасын қолданудың да қажеті жоқ, сейсмикалық төзімді және жылдың кез-келген мерзімінде салынады.

Компания коттедж салуды жобалаудан бастап дайын түрде өткізуге дейін өзіне алады. Барлық ішкі жайлардың құрылысы мен жоспарлануы тапсырыс берушілердің тілегі мен мүмкіндіктеріне, сондай-ақ материалдық мүмкіндігіне қарай ойластырылады. Құрастырмалы панельді үйлердің барлық элементтері жеке зауытта өндіріледі, онда сапа барлық кезеңдерде мұқият тексеріліп отырады. Сип-панельден жасалатын әрбір үйді монтаж технологиясын жақсы меңгерген жоғары білікті құрылыс бригадалары барынша қысқа мерзімде құрастырады. Соңында сип-панельден жасалған дайын үй пайда болады.

Қазірде Талдықорған қаласында «Мәңгілік» ЖШС өндірістік базасында панельдер өндіру бойынша барлық қажет желілер мен білдектер орнатылған цехтар, сондай-ақ бағаналар әзірлеу жөніндегі металды цех жабдықталуда. Зауыттың ашылуын маусым айының ортасында өткізу жоспарланып отыр.

Облыс әкімі Амандық Баталов «Жақсы идеялардың үнемі қолдау табатынын» баса көрсетіп, жобаны мақұлдады. Бүгінгі таңда облыста кіріктірілген полияция тірек бекеті бар үйлер салу қажет, және де мұнда ұсынылған жаңа технология бойынша құрылысты пайдалануға болады. Басқа да жобалар бар. Ал облыс әкімі бірлескен кәсіпорын өкілдерінің назарын құрылысқа кірісуге қажет болатын екі маңызды тұсқа аударды: мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманың болуы, және де инженерлік желілердің болуы.

Презентация соңында Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысов, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы, «Мәңгілік» ЖШС, Татарстан Республикасы Сауда өнеркәсіп палатасы мен «PolаrSip–Қазан» компаниясы арасында «Алматы облысында тұрғын үй құрылысы түйткілін шешу мақсатында, Талдықорған қаласында тұрғын үйдің халықтың барлық топтарына қолжетімділігін қамтамасыз ететін үй салу комбинатының құрылысы» жобасын жүзеге асыру жөніндегі меморандумға қол қойылды.

 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер