astana-view

Меморандум – жұмыспен қамтылудың кепілі

2015 жылғы 26 Мамыр
- Атырау облысы
20554 просмотров

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі барысында үш жақты меморандумға қол қойған жұмыс беруші компаниялар, Атырау облысы Білім басқармасы және Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы өкілдері осындай ой айтты.       

Меморандум талаптарына сәйкес, Өңірлік кәсіпкерлер палатасына облыстық Білім басқармасына жұмыс берушілерден алынған бос жұмыс орындары туралы ақпаратты ұсыну жөніндегі міндеттемелер жүктеледі. Жұмыс берушілер болса, керісінше, колледж түлектері туралы мәліметтер алып тұратын болады. Палата мамандары сонымен қатар мамандар даярлау сапасын көтеру жөніндегі өз ұсыныстарын енгізуге, дуалды білім беру саласын кеңейтуге және түлектерді жұмысқа тұрғызуға бірлесе қатысуға міндетті. Меморандумға қол қойған басқа да тараптарға осындай талаптар қойылады.

«Жас мамандарды, соның ішінде кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің түлектерін жұмысқа тұрғызу – қызметіміздегі басым бағыттардың бірі. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жұмыс берушілердің көпшілігі кәсіби даярлығы деңгейінің төмен болуы себебінен жастарды жұмысқа қабыладудан бас тартып жатады. Аталмыш мәселені шешу үшін Білім беру басқармасымен, білім беру мекемелерімен және жұмыс берушілермен тығыз жұмыс жүргізіп жатырмыз. Аталмыш бағыттағы тиімді іс-шараның бірі – дуалды білім беруді дамыту. Облыста осы жұмысқа қатысқысы келетін кәсіпорындар санының күн өткен сайын артып келе жатқанын атап өткіміз келеді», - деп атады әлеуметтік мәселелер жөніндегі директор орынбасарының міндетін атқарушы Қуанғали Қожантаев.

«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне алғаш рет қатысып отырған жоқпыз. Алайда бұл жолы Білім беру басқармасымен және Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасымен колледж түлектерін жұмысқа тұрғызу жайлы үш жақты меморандумға қол қойдық. Мұны өте дұрыс бастама деп есептейміз. Құжатта барлық тараптардың мүдделері ескерілген.    Меморандум арқасында штатты білікті кадрлармен толықтыра алатынымызға, осылайша жастар арасындағы жұмыссыздыққа үлес қосатынымызға сенімдіміз. Кәсіпорында жас кадрларды жұмысқа тұрғызу және оларды іс-тәжірибеден өткізу үшін мүмкіндік баршылық, сондықтан да аталмыш жұмысқа қатысуға дайынбыз», - деді «Атырау Тойота Орталығы» компаниясының өкілі Александр Карапетян.

Биылғы оқу жылында Атырау облысындағы 25 кәсіптік және техникалық оқу орнын 4 634 түлек бітіретінін атап өту керек. Бос орындар жәрмеңкесіне 20 өнеркәсіптік және құрылыс компаниясы, банк секторы өкілдері, жеке кәсіпкерлер қатысты. Ізденушілерге түрлі мамандықтар бойынша барлығы 500-ден астам жұмыс орны ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер