astana-view

Палата кәсіпкердің 10 миллион теңгесін сақтап қалды

2015 жылғы 27 Мамыр
- Павлодар облысы
18824 просмотров

 Фермер көмек сұрап Кәсіпкерлер палатасына келді. Палата мәселені бизнесмен пайдасына шеше алды. Нәтижесінде, 10 миллион теңгеден астам сома кәсіпкердің қалтасында қалды.

Жергілікті кәсіпкердің түйткілі облыстық прокуратура ауылшаруашылық тауар өндірушілерге субсидия бөлудің заңдылығын тексеруге шешім қабылдағанда басталады. ҚР Үкіметі Қаулысымен бекітілген Субсидиялау ережесін бұзушылықтар анықталады. Прокуратура 2014 жылы сүт өткізу үшін субсидия ретінде 17 миллионнан астам теңге алған «Жаңа-Қала» ШҚ қалыптасқан нормаларға жауап бермейді деп тапқан. Шаруа қожалығындағы сиырлар мен тайыншалардың аналық басының саны 400 басқа жетпейді деседі. Сондай-ақ, прокуратура ойынша, шаруа қожалығындағы кейбір малдарда сәйкестендіру нөмірі жоқ және ауыл шаруашылық малдарын сәйкестендіру (АМС) Тізілімінде тіркелмеген.

Қадағалау органының айтуынша, фермерде 340 мал басы болуы жайлы көрсетілген «Жаңа Қала» ШҚ-да мал қозғалуы бойынша есеп шындыққа сәйкес келмейді. Дұрыс есептегенде төленетін субсидия сомасы шамамен 7 млн теңгені құрауға тиіс. Осылайша, шаруа қожалығына қайта төленген сома 10 миллионнан астам теңгені құрайды.

Кәсіпкер Кәсіпкерлер палатасының Павлодар ауданындағы филиалына жүгінді. Заңгерлер араласқаннан кейін Прокуратура органдары шаруашылықтағы мал басын есептеу бойынша тексеріс жүргізу кезінде құнажындарды қоспағаны белгілі болды. Бұны Субсидиялау туралы ережеде аталмыш критерийдің ескерілмеуімен түсіндіреді.

Кәсіпкерлер палатасы ҚР Ауылшаруашылық министрлігінен түсінік сұрап жүгінді. Алған жауапқа сәйкес, құнажындар аналық бас критерийіне жатады. Кәсіпкер Палата сарапшылары жұмысының арқасында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бөлінген субсидияны заңды түрде алғанын дәлелдей алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер