astana-view

Отандық құрылыс материалдарына жол ашық

2015 жылғы 28 Мамыр
8143 просмотров

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ақпанда өткен кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы нысандар құрылысы, сонымен қатар Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі нысандары, жолдар мен тұрғын үйлер құрылысы кезінде, ТКШ нысандарын модернизациялау және мемлекеттік бағдарламалар аясында жобаларды жүзеге асыру кезінде жергілікті жеткізушілерді барынша тартумен отандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуды қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аталмыш тапсырманы орындау үшін Құрылыс материалдарын өндірушілер тізілімін қалыптастырады. Тізілім отандық тауар өндірушілер және Өңірлік кәсіпкерлер палаталары ұсынатын деректер негізінде жасақталады.

Бүгінде Тізілім 200 құрылыс материалдарын өндіруші жайлы ақпараттан тұрады. Жасақталған деректер базасы бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылатын құрылыс жобаларында қолдану үшін «Бәйтерек  Девелопмент» АҚ, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ және «Қазақстандық ТКШ модернизациялау және дамыту орталығы» АҚ атына жолданды.

Ұлттық палата компаниялардың ұсынылған Тізілімдегі құрылыс материалдарын қолдануына мониторинг жүргізетін болады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер