astana-view

Әлеуметтік әріптестік әрекет етуде

2015 жылғы 28 Мамыр
8336 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Қазақстанның Құрылысшылар қауымдастығы» Республикалық заңды тұлғалар бірлестігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «ҚР Құрылыс кешені және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлері Салалық кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігі арасында 2015-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша Салалық келісімге қол қойылды.

ҚР Еңбек Кодексінің 272 бабына сәйкес және ҚР ҰКП бастамасымен келісім алдында ұзаққа созылған келіссөздер жүргізіліп, ол ҚР ҰКП және Құрылыс кешені және ТКШ қызметкерлері кәсіподағы арасында жеке Қайшылықтар хаттамасының жасалуымен аяқталды. Аталмыш құжат Салалық келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

Тараптар құрылыс саласы жұмысшылары үшін салалық коэффициенттен асып түсетін аймақтық белгі бойынша бөлумен тарифтік мөлшерлемелерді есептеуге қатысты, сондай-ақ еңбек ақысы, әлеуметтік кепілдіктер, ұжымдық шарт жасасу кезіндегі жеңілдіктер мен өтемақыларға қатысты тармақтар бойынша ымыраға келе алмады.

Тараптардың аталмыш қайшылықтарды жою бойынша жұмысты жалғастыратыны аталды.

Салалық келісіммен мына жерде танысуға болады

Қайшылықтар хаттамасымен мына жерде танысуға болады


Еншілес ұйымдар

Серіктестер