astana-view

ҰКП және Қазақстанның Құрылыс салушылар қауымдастығы Құрылыс салудың үлгілік ережесін дайындайды

2015 жылғы 02 Маусым
9922 просмотров

Қазақстанның Құрылыс салушылар қауымдастығының атқарушы директоры Аслан Түкиев ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевпен ҚР ҰКП Төралқасы Құрылыс, құрылыс материалдарының өндірісі және ТКШ комитетінің жұмыс кездесуінде оылай деп хабарлады.

Оның айтуынша, бұл бірыңғай ұлттық құжат. Онда мемлекеттік органға алғаш рет жүгінген сәттен бастап нысанды пайдалануға берген сәтке дейінгі құрылыстың әрбір процесін егжей-тегжейлі нормативтік реттеу, уәкілетті органдар мен оларға қарасты ұйымдардың құжаттарды нақты қарау мерзімі көрсетіледі.

«Бір терезе» қағидаты толыққанды жүзеге асырылып, кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қызметкерлермен байланысы барынша азайтылады және олардың мемлекеттік сыңайлы сектор, еншілес органдар мен ұйымдар, сондай-ақ түрлі ЖШС, АҚ, РМК және т.с.с. өкілдерімен байланысы толығымен жойылады», - деді Аслан Түкиев.

Ол сонымен қатар аталмыш Құрылыс салу ережесін даярлау кезінде шашыраңқы мемлекеттік стандарттар мен реттемелерді олардың мазмұнын аталмыш Ережеге қоса отырып, бірегейлендіруді, осылайша барлық процедуралар үшін ортақ ереже жасау қажеттігін атады.

«Рұқсат ету құжаттары тізбесінен құрылысқа тікелей қатысы жоқ және кәсіпкерлік субъектілері үшін пайдасыздары алынып тасталады», - деп жалғады сөзін Құрылыс салушылар қауымдастығының өкілі.

Кездесу барысында сонымен қатар 2015 жылғы 1 шілдеден бастап құрылыстағы сметалық баға құрылудың ресурстық әдісін енгізу туралы шешім қабылдандыОсыған орай құрылыс, Құрылыс істері, ТКШ комитетіне және  ҚР ҰЭМ жер ресурстары басқармасына сметашыларды даярлау бойынша насихаттау және білім беру қызметін, соның ішінде өңірлерде де аталмыш жұмысты күшейту тапсырылды.

«Атамекен» ҚР ҰКП бейіндік комитетке Қазақстанның өңірлерінде аталмыш мамандарды даярлауға арналған оқу орталықтарының бар екендігі жайлы ақпарат ұсынатын болды.

Сонымен қатар, ҚР ҰЭМ Ұлттық палата мен сала өкілдерінің жергілікті атқару органдарының өңірлер бойынша құрылыс салу ережесін дайындауға деген құқығын болдырмау жөніндегі ұсынысын қолдады (Үлгілік ережелер Қазақстан үшін ортақ болады).

Сонымен қатар Ереже базасында Қала құрылысы кодексін дайындау туралы мәселе қаралды. Қазақстанның Құрылыс салушылар қауымдастығының жанында жұмыс тобы құрылып, оған Ұлттық палата, құрылыс компаниялары сарапшылары және мүдделі тұлғалар кіреді. ҰКП осыған орай өңірлік кәсіпкерлер палатасының және өңірлік құрылыс компанияларының аталмыш құжатты дайындауға қосылуын сұрайды. ҚР ҰКП Төралқасы Құрылыс, ҚМӨ және ТКШ комитеті тұрғын үй құрылысын қаржыландыру туралы мәселені көтерді. ҰКП өкілдерінің ойынша, жалгерлік коммерциялық баспана нарығын қалыптастыру, тұрғын үй құрылысын субсидиялау (түрлі конфигурацияда) және басқа да мәселелерді ескеретін тұрғын үй құрылысын дамытудың жаңа бағдарламасы қажет.

ҰКП құрылыстың өзіндік құнын төмендету мақсатында мемлекеттен қосымша қолдау шаралары қажет деп есептейді. Қолдау шараларының арасында жер телімдерін тегін негізде беру, тұрғын үй құрылысы аудандарын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, инженерлік желілер жүргізу бар. Сонымен қатар құрылысты ынталандырудың қосымша құралдарын көздеген де дұрыс болуы мүмкін, соның ішінде бұрын әрекет еткен -  қызметкерлері үшін баспана салып жатқан кәсіпорын үшін салық базасын азайту, мүлік бойынша салық жеңілдіктері (жалгерлік баспана бойынша) және т.б.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер