astana-view

Өзара тиімді негіздегі ынтымақтастық

2015 жылғы 03 Маусым
7371 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұзақ мерзімдік шарттар жасасу мәселесі бойынша отандық өндірушілерге жәрдемдесу аясында қазақстандық бизнес, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ және «Эйр Астана» компаниялары өкілдерінің қатысуымен жиналыс бастамалады.

Ұлттық компаниялардың жалпы сомасы шамамен 200 млн теңгеге сатып алуға жоспарланған 74 тауарлық жайғасымы қаралып, талқыға салынды.

ҰКП Басқарма Төрағасының Орынбасары Юлия Якупбаева мен «Самұрық-Қазынаның» Басқарушы директоры Жұмағали Мыңжасаровтың модераторлығымен Қордың еншілес ұйымдары мен отандық өндірушілер арасындағы мәселелер талқыланды. Тараптар арасында көптеген жайғасымдар бойынша өзара түсіністікке қол жеткізілді.

Сонымен, «Кентау трансформатор зауытының» өкілдері есептеу үлестіргіші қалқанын әзірлеуге дайын екендіктерін растады. "Орал құю-механикалық зауыты" «Қазақтелеком» үшін ауыр және жеңіл телефон люктерін жеткізуге мүдделі. 

Жоғары технологиялық жабдықты өндіруші «TREI» ЖШС компаниясы өз өнімін «Эйр Астана» үшін де, «Қазақтелеком» АҚ үшін де жеткізуге мүдделі. Ол қазірде «Қазтрансойл» АҚ үшін жеткізіледі және басқа да осындай жабдықтарды өндірушілерге дес бермейді. Атап айтқанда, өндіруші контроллерлік жабдықты жеткізу, сондай-ақ бағдарламалық жасақтама дайындау жөніндегі қызметтер көрсету мүмкіндіктерін мәлімдеп отыр.

«Қазцентрэлектропровод» ЖШС Қордың еншілес ұйымдарымен әрекеттестікпен байланысты түйткілдердің жоқтығы жайлы хабарлап, ұзақ мерзімдік негізде талап етілген өнімді жеткізуге мүдделілігін мәлімдеді. 

Тараптар талқыланған жайғасымдар бойынша ынтымақтастық және техникалық әрекеттестік жайлы келісті.

Жиналыс қорытындысы бойынша Ұлттық палата мен Қор арасында отандық тауарлар ішінде тауарларды сатып алуға бірге мониторинг жүргізу, сондай-ақ олармен ұзақ мерзімдік шарттар жасасу жайлы келісімге қол жеткізді.

Анықтама. Аталмыш отырыстың алдында Ұлттық палата «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамымен бірқатар жиналыстар өткізіп, онда отандық өндірушілерден сатылып алынбайтын тауарлар тізбесі бойынша жұмыс жүргізу туралы келісімге келген болатын.

Қор алдын-ала «қарапайым» және «күрделі» тауарлар тізбелерін ұсынды. Бұл тізбелерді Ұлттық палата салалар бойынша бөліп, отандық өндірушілерге жолдады. Сонымен, «күрделі» тауарлар тізбесіне шамамен 115 млрд теңге сомасына 21263 тауар жайғасымы бойынша Қордың ірі компанияларының тауарлары кіреді. Отандық өндірушілерден сатылып алынбайтын «қарапайым тауарлар» тізбесі шамамен 105 млрд теңге сомасындағы 400 тауарлық жайғасымнан тұрады.

Ұлттық палата «қарапайым тауарлар» тізбесі бойынша Қормен отандық өндірушілер арасында оларды сатып алу бойынша еншілес ұйымдармен жұмыс жүргізу туралы, сондай-ақ оларды сатып алуға бірлесе отырып мониторингті жүзеге асыруға келісімге келді.

Ұзақ мерзімдік шарт жасау бойынша жұмысты Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2014 жылғы 1 тамызда бастамалаған болатын және ол апта сайынғы негізде жүреді.

2015 жылғы 15 мамырға дейінгі ахуалы бойынша Ұлттық палатаның белсенді жәрдемімен жасалған ұзақ мерзімдік шарттар саны 51 миллиардтан астам теңге сомасындағы 93 ұзақ мерзімдік шартты құрайды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер