astana-view

Ашық әрекет

2015 жылғы 03 Маусым
- Алматы қаласы
15244 просмотров

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы 5 маусым күні сағат 9.00-де Сервистік компанияларды іріктеу жөніндегі Комиссияға келіп түскен өтінімдерді ашуға және қарауға кіріседі.

Процедураға байқауға қатысуға құжат тапсырған компания өкілдері қатысады.

Сервистік компанияларды іріктеу «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасының «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» Палата қызметі 4 бағыты аясындағы «Әрекеттегі бизнесті жүргізуге сервистік қолдау» Компоненті бойынша өтті. Онда кәсіпкерлерге мынадай қызметтер көрсетіледі: кеден процедуралары бойынша, процестің өн-бойын толығымен сүйемелдеу және консультация беру бойынша, менеджмент жүйелерін енгізу бойынша, ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласында консультация  беру бойынша, менеджмент мәселелері бойынша.

Конверттерді ашу процедурасы және іріктеу ашық түрде, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өтеді.

Байқауға консультациялық қызметтер саласында қызмет жасайтын жеке кәсіпкерлер, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар өтінім берді.

БЖК-2020 бағдарламасы міндеттерінің бірі жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамаға ие халыққа мемлекеттік бейқаржылық қолдау көрсетуді көздейтін кәсіпкерлік әлеуетті күшейту болып табылатыны белгілі.

Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыру аясында ӨКП жанынан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы құрылды. Ол тегін негізде түрлі сервистік қызметтер көрсетумен айналысады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер