astana-view

«Еуро-5» бензині төңірегінде

2015 жылғы 03 Маусым
11259 просмотров

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Батыс Қазақстан облысында Еуро-5 стандартына сәйкес келетін АИ-92, АИ-95 таңбалы бензин өндірісін жасақтау жөніндегі жобаны қаржыландыруға қатысады.

Жобаның жалпы құны шамамен 200 млн доллар құрайды. Қажет қаржыландырудың 60%-н Даму банкі 6 жыл мерзімге ұсынады.

Қазақстанның Даму банкі мен «Конденсат» АҚ арасында биылғы жылдың 2 маусымында сәйкес кредиттік келісімге қол қойылды. ҚДБ қарыз қаражаты жабдық сатып алуға, құрылыс-монтаждау және іске қосу әрі жөндеу жұмыстарына жұмсалады. Жаңа өндірісті жыл соңында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласындағы «Конденсат» АҚ бұрыннан бар мұнайды қайта өңдеу кешенінің базасындағы моторлық отын өндірісінің жобалық қуаттылығы:  АИ-92 бензині – жылына 114 000 тонна, АИ-95 - 86 000 тонна.

Кәсіпорын жылына 198 000 тоннаға дейінгі тура айдалатын газойлды фракцияны (дизельді отынды гидротазалау қондырғыларына арналған шикізат) шығаруды жөнге салуды жоспарлап отыр, вакуумды газойл (каталиттік және гидро-крекинг қондырғыларына, майлар өндірісіне арналған шикізат) - 104 000 тонна, гудрон (битум өндіруге арналған шикізат) - 75 000 тонна. Қазірде бензин өндіруге арналған негізгі технологиялық қондырғылар монтаждалып жатыр.

«Кәсіпорын модернизациясы ішкі нарықтағы моторлық отын тапшылығын төмендетуге, сонымен қатар республикамыздағы Батыс өңірдің көршілес елдерден ЖЖМ импортына тәуелділігін жоюға және дайын мұнай өнімдерінің сұрыпталымын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Даму банкі ұсынатын кредит бізге өндіріс модернизациясын аяқтауға және жоғары сапалы моторлық отын шығаруды жөнге салуға септеседі», - дейді «Конденсат» АҚ бас директоры Фарид Бахтиозин.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер