astana-view

Отандық өндірушіні қолдау үшін

2015 жылғы 12 Маусым
8815 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның төрағалығымен ұлттық компанияның отандық өндірушілермен ұзақ мерзімдік келісімшарттар жасасу мәселелеріне арналған кеңейтілген отырыс өтті.

Отырысқа «Қазақстан Инжиниринг» АҚ басшысы Ерлан Ыдырысов, «СК-Фармация» ЖШС басшысы Асқар Жанболдинов, салалық қауымдастықтар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева отырысты аша отырып, кәсіпкерлер көтеріп жүрген түйткілдірді талқылау және отандық кәсіпкерлерді бірлесе отырып қолдау жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.

ҰКП Фармацевтикалық, медициналық өнеркәсіп және медициналық қызметтер комитетінің хатшысы Жанна Оспанова ұзақ мерзімдік шарттар жасасу, сонымен қатар аталмыш салаға инвестициялар тарту мақсатында «СК-Фармация» ЖШС-мен дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы өнімдер номенклатурасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу қажеттігі жайлы ақпараттандырды.

Хатшылық ақпаратына сүйенсек, жүргізілетін жұмыс қорытындысы отандық өндірушілердің өздері өндіретін өнімдер қатарын кеңейту бойынша өз мүмкіндіктерін шынайы бағалауына, сондай-ақ кәсіпорынды техникалық модернизациялау жоспарларын түзетуге мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімдік шарттардың болуы өндірушілердің инвесторларды тартуына және импортталатынға ұқсас препараттар өндіруді жөнге салуына да септеседі.

«СК-Фармация» ЖШС басшысы Ұлттық палатаның өзара тиімді ынтымақтастық туралы ұсыныстарын қабыл алды және жұмыс тобын құру жолымен бірлескен жұмыс жасау туралы келісімге қол жеткізілді.

Жиналыста сонымен қатар «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ өткізген әскерилер үшін нысанды киім мен формалық киім тігуге мемлекеттік қорғаныс тапсырысын бөлу нәтижелері талқыланды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитеті Хатшылығының басшысы Нұрлан Сақуов біліктілік алдындағы іріктеуді өткізу кезіндегі кемшіліктерді көрсетті (жеткізушілерді іріктеу критерийлері туралы ақпараттың жоқтығы, толтырылған сауалнамалар мен құжаттарды ұсыну мерзімінің қысқалығы және басқалары).

Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының Төрағасы Любовь Худова оған қолдау көрсетті. Оның берген ақпараты бойынша, жеңген компаниялар арасында не жеңіл өнеркәсіпке мүлдем қатысы жоқтар, не тіпті пайдалануға берілмеген компаниялар болған.

«Қазақстан Инжиниринг» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Ыдырысов отандық жеткізушілер пулын қалыптастыру аясында жүргізілген жұмыс жайлы ақпарат берді. Ол сонымен қатар отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары арасындағы көлденең байланыстарды кеңейту қажеттігі жайлы мәселені көтерді, бұл тендерлік процедураларды оңтайландыруға септесер еді.

Сонымен бірге, «Қазақстан Инжиниринг» АҚ басшылығы тарапынан Ұлттық палатамен Ресей тәжірибесімен тігін өнеркәсібі кәсіпорындарын шоғырландыру бойынша бірлесе жұмыс жасау туралы және 7 жыл әрі одан да ұзақ мерзімге ұзақ мерзімдік шарт жасасу мүмкіндігі үшін ҚР бюджеттік заңнамасына өзгертулер енгізу мәселелерін пысықтау туралы ұсыныс айтылды.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева ҰКП өкілдерін тендерлік комиссия мен біліктілік алдындағы іріктеуді қамтамасыз ететін комиссия қызметіне тартуға назар аударды. Бұл ҚР Қорғаныс министрлігі мен «Қазақстан инжиниринг» АҚ «іріктеу процесін барынша ашық етіп, бүгінгі жағымсыз ауан ағынын азайтар» еді.

«Біз екі мәселені анықтап алуға тиіс боламыз: біліктілік алдындағы іріктеу критерийлері қаншалықты объективті болды, және де әрбір кәсіпорын бойынша (жеңілген – ред.еск.) бас тарту себебі неде» - деп Юлия Якупбаева талқылау қорытындысын шығарды. Оның айтуынша, жекелеген жеңілгендерге немесе сауалнаманы уақытында тапсырмаған кәсіпорындарға қосалқы мердігерлік ұйым ретінде тапсырысты орындауға қатысу мүмкіндігін беру қажет.

Жиналыс қорытындысы бойынша, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Қазақстан Инжиниринг» АҚ арасында аталмыш түйткілдер бойынша бірлескен жұмыс туралы келісуге қол жеткізілді.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе «Жаңа технологиялар» ЖШС және «Проммашкомплект» ЖШС өндірген өнімге «СТ-KZ»  сертификатын берудің негізділігі тақырыбын қозғады. Екі кәсіпорын дауын шешу үшін тәуелсіз сарапшылардың, екі өндіруші келісуі ойынша тартылатын мамандар қатысуымен арнайы жұмыс тобы құрылады. Топ екі кәсіпорында да болып қайтады, процестерді зерттейді және сараптамалық қорытынды ұсынады.

Ұзақ мерзімдік шарт жасасу бойынша келесі жиналыс осы жылдың 16 маусымында өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер