astana-view

Қосылған құн салығының күшін жою бойынша бизнес пен мемлекеттің ұстанымдары бір жерден шықпады

2015 жылғы 12 Маусым
11723 просмотров

Ұлттық экономика министрлігі ҚҚС сақтау керек және сатуға салық салуды енгізбеу керек деп есептейді. Қоғамдастық пен кәсіпкерлер бұған келіспей отыр.

Салық және кедендік саясат департаментінің директоры Азамат Әмірин Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен дөңгелек үстел барысында Мемлекет басшысының индустриялық реформаларының 44 және 45 қадамдарын орындау бойынша үкімет жоспарларын ортаға салды.

«Шағын және орта бизнес және агроөнеркәсіптік кешен үшін арнайы салық режимдерін реформалау (ШФҚ үшін бірыңғай жер салығы және жеңілдетілген декларация – табыстардың немесе шығыстардың салықтық есебін жүргізуді көздемейтін арнайы салық тәртібінің (АСР) күшін жою талап етіледі); сауданың бұрыннан келе жатқан формаларын жою және 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап оларды сауданың жаңа форматтарына ауыстыру (сауда орталықтары, сауда үйлері); ҚҚС бойынша бұрыннан бар жеңілдіктерді айтарлықтай қысқарту (қажет болған жағдайда бюджеттен берілетін субсидиялармен ауыстыру); есепке қою үшін ең төменгі шекті төмендету және ҚҚС төлеушісі ретінде ерікті түрде тіркелудің күшін жою», - деп тізбеледі Азамат Әмірин өз презентациясының тармақтарын.

Азамат Әмірин сонымен бірге жеткілікті деңгейде қайта өңделмеген тауарларды экспорттау кезінде ҚҚС қайтарудың күшін жою (немесе жартылай күшін жою); шығынға жазу, қайтару, КТС бойынша шегерімге жатқызу жолымен жинақталған дебеттік ҚҚС-ты (1,5 трлн теңге) қысқарту; жалған жеткізулер тізбегін құру жолымен міндеттемелерді барынша азайту кезінде ҚҚС төлегені үшін салық төлеушілердің ортақ жауапкершілігін енгізу (сот шешімі бойынша); барлық ҚҚС төлеушілер үшін электронды шот-фактураларды міндетті қолдану; қолма-қол ақшаға айналдыру жүйелеріне жол бермеу үшін Қаржы мониторингі комитеті деректерін қолдану; сондай-ақ мемлекеттік табыс органдарының ақпараттық жүйелерін жетілдіруге республикалық бюджеттен қаражат бөлу сияқты шаралар жайлы хабарлады.

«Аталмыш мәселелер шешілген кезде ҚҚС сақтау және сатуға салынатын салықты енгізбеген дұрыс болады», - деп қорытты ол.

Азамат Әмірин өз сөздеріне қорғау ретінде шетелдік елдерді мысалға келтірді. «Сатуға салынатын салықты қолдану бойынша халықаралық тәжірибе зерттелді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымындағы (ЭЫДҰ) 34 елдің 32-сінде ҚҚС қолданылатынын және 2 елде ғана сатуға салық салынатынын айтып өткім келеді – бұл АҚШ (мөлшерлеме 3-15% аралығында) және Канадада (5-7 пайыз). Малайзияда сатуға салынатын салық 1975 жылы енгізілген, алайда 1 сәуірден бастап оның күші жойылып, ҚҚС енгізілген. Ресей Федерациясында сатуға салынатын салық екі рет – 1991 және 1998 жылдары енгізілген, ол ҚҚС-пен бірге әрекет еткен. Ақырында сатуға салынатын салықтың күші жойылады», - деді ол.

«Егер басқа елдерде осы сатуға салынатын салық сіңісіп кетпесе, бізде де солай болады деуге болмайды. Байқап көру керек, енгізу және бес жыл қадағалау керек. Америка жұмыс жасап жатыр ғой, Канада да», - деп ҚР Кәсіпкерлердің тәуелсіз қауымдастығы елордалық филиалының төрағасы Қанат Елеусізов шенеуніктер сөзіне келіспеді.

«Егер сатуға салынатын салық енгізілетін болса, болашақта бизнес жалпыға ортақ орнатылған салық режиміне көшеді. «Жеңілдіктерде» отыра берудің қажеті болмайды деп ойлаймын, - деді ол.

ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасары Гүлнар Құрбанбаеваның ойынша, жалған жеткізулер тізбегін құру жолымен міндеттемелерді барынша азайту кезінде ҚҚС төлеу үшін салық төлеушілердің ортақ жауапкершілігін енгізу бизнестің түбіне жетеді.

«Егер «бизнестің көзін құрту» деген міндет қойылатын болса, онда барлық жеңілдіктерді, артықшылықтарды, субсидияларды және гранттарды қолдау формаларының күшін жоймау себеп болып, ал сақталып қалатын жалғыз норма бизнестің өлуіне алып келеді. Субсидияларға, қолдауға триллиондаған теңге бөле аламыз – бұдан ештеңе жұмыс жасап кетпейді, себебі жұмыс жасайтын ешкім жоқ», - деп мәлімдеді ол.

Адвокат, ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесінің мүшесі Жангелді Сүлейменовті де Азамат Әміриннің презентациясы иландыра алмады. «Презентацияда тізбеленген барлық 10 бағыт кәсіпкерлерге кері бағытталған – бұл анық. ҚҚС алға тарту мәселесі кәсіпкерлер жағдайының нашарлауына шешілетін болады – бұл, әрине, алаңдатады», - деді ол.

Кездесу модераторы міндетін алған ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов ҚҚС жүйесінің кәсіпкерлер үшін жағымды жақтарынан гөрі жағымсыз тұстары көп екенін айтып өтті. «Мемлекет басшысының тапсырмасында ҚҚС-ты сатуға салыққа айырбастау туралы айтылды – яғни бірден алып тастау. Енді осыны қолдана отырып, ҚҚС-ты да өзімізге ыңғайлы түрде түзетіп алайық», - деп шағынды ол.

Мемлекеттік табыс комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин осы мәселе бойынша өзінің жеке ұстанымын белгіледі. «ҚҚС-ты классикалық түрде Еуропада жасалғандай, ЕО салық жинау стандарттарын қабылдай отырып, алып отыру керек. Не болмаса, егер ҚҚС-тан қандай да бңр қазақстандық будан жасайтын болсақ, онда сатуға салыққа көшіп, содан будан жасағанымыз дұрыс болар», - деді Комитет басшысы.

Салық төлеушілер қауымдастығының директоры Сара Жүнісова Ұлттық экономика министрлігі жеткізген түйткілдерді шешудің өзінше жолын ұсынды. «Электронды шот-фактураларды қолдануға қатысты басталған жобаларды қазір неге аяқтамасқа? Егер осыны аяқтайтын болсақ, менің ойымша, біз қазір талқылап отырған түйткілдің 50%-ы болмас еді», - деп болжады ол.

Азамат Әмірин сонымен қатар Ұлттық экономика министрлігінің табыстар мен шығыстардың салықтық есебін міндетті жүргізумен қолданыстағы салық режимдерін оңтайландыру үшін ұсынып отырған шараларын ортаға салды. Бұл Мемлекет басшысы реформаларының 45 қадамы болып табылады. Бейіндік департамент директорының айтуынша, бизнес үшін салық режимдерінің үш деңгейін орнатумен қолданыстағы арнайы салық режимдерін реформалау ұсынылады: патент; табыстар мен шығыстар салықтық есебін енгізумен ШОБ үшін арнайы салық режимі және жалпыға орнатылған режим.

«Екі қадам бойынша қорытынды жасай отырып, былай деп түсінемін: қауымдастықтар, қоғамдастық және бизнестің ортақ пікірі бар – ұлттық комиссия төрағасы Кәрім Мәсімовке реформалардың ұсынылып отырған нұсқасын салмақты түрде талқылау қажет деген өтінішпен шығу. Салмақты есеп-қисаптар жасау, себебі олай болмаса, біз орныққан жағдайды бұзып алуымыз мүмкін. Жалған кәсіпорындар бар, бөлінушілік те жоқ емес, кәсіпкерлер де – әртүрлі мұны жасырмайтынымызға келісемін, алайда адамдар көбіне еңбектеніп жүр», - деп қорытты Абылай Мырзахметов дөңгелек үстел қатысушыларының қызу талқылауын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер