astana-view

«Өрт командасы» режимінде

2015 жылғы 15 Маусым
8983 просмотров

Базарлардағы өрт оқиғалары: ҰКП ведомствоаралық комиссия құруды ұсынады

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында сауда базарларында жиілеп кеткен өрт оқиғалары түйткілі талқыға салынды. Бейнеконференция режиміндегі аймақтық жиналысқа мемлекеттік органдар мен бизнесмендер қатысты.

«ҰКП ұсынысы бойынша ҚР Бас прокуратурасына өрт оқиғаларының себептерін де, осындай төтенше жағдайға алып келген қақтығыс жағдайларының туындау себептерін де жүйелендіру қажеттігі туралы хат даярлады. Соңғы үш жылдағы жағдайға талдау жасайтын және осал тұстарды, оның заңнамамен, заңнаманы жүзеге асырумен немесе осы бағыттағы ойынның тиісті ережелерінің болмауымен байланысын анықтайтын Ведомствоаралық комиссия құру қажет. Біздің ойымызша, мән-жайдың басын ашып, қандай да бір нақты диагноз қойылмайынша, осы қақтығыс жағдайлары туындай береді, халық пен базар сатушыларының наразылығы өсе береді, үнемі «өртті өртену қорытындысы бойынша сөндіретін» боламыз», - деді Ұлттық палата Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева.

Ол барлық мүдделі тұлғалардың «Сауда қызметі туралы» Заңға өзгертулерді ескере отырып жасалатын жаңа Ішкі сауда ережесін даярлауға белсене қатысуын сұрады. «Сауда қызметі туралы» Заңға өзгертулердің мәні сауданың жаңа форматына көшуімізде: контейнерлік ашық алаңдардан базарлардың нақты жіктелуіне көшу қажет», - деп түсіндірді Гүлнар Құрбанбаева.

ҚР ІІМ ТЖ Мемлекеттік өрт бақылау комитеті бөлімінің бастығы Фархат Омаров өрт оқиғалары себептерін талдау үшін Ведомствоаралық комиссиясын құру жөніндегі ұсынысты құптады. Ол сонымен қатар осы мәселені шешу бойынша өз ведомствосының жұмысы жайлы айтып берді.

«Соңғы үш жылда кәсіпкерлікті қолдау аясында тәуекел дәрежесі шамалы субъектілерді тексеруді толықтай тоқтаттық. Бұл 150 мыңның ішіндегі 100 мыңға жуық бақылаудағы нысан. Біз тек 3500 шаршы метрден астам тәуекел деңгейі жоғары нысандарды ғана тексереміз. Қазір осы шекті төмендету мәселесін қарап жатырмыз, себебі ірі сауда нүктелерінің аса көп мөлшері бақылаусыз қалып отыр», - деді Фархат Омаров.

Ол сонымен қатар барлық өрт оқиғаларының негізінде түнде орын алғанын атады.

«Талдау күзет ұйымдарының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына өртену жайлы уақытында хабарламайтынын көрсетіп отыр. Алматы қаласындағы өткен жылдары орын алған өрт оқиғалары бойынша – осы жеке меншік күзет фирмаларының лауазымдық нұсқаулықтарын зерттедік. Өрт орын алған кезде күзетші барлау жасайды, ауысым бойынша жоғары лауазымдағыға баяндайды, ал ол үйінде ұйықтап жатуы мүмкін. Ол шешім қабылдағанша, олар базар басшылығына жеткізгенше – уақыт өтіп кетеді де, өрт үлкен аумаққа таралып кетеді. Өрт бір минут ішінде 10-15 метрге дейінгі алаңды шарпуы мүмкін», - деді ол.

Жиналыс барысында екі базары бар оралдық Әліби Оразов өз ойын білдірді. «Қазір сауданың өркениетті форматына өтер кез келгені жайлы мәселе алға тартылып отыр. Аса үлкен пайызбен кредит аламыз, бірақ еш көмегі жоқ. «Даму» арқылы қаражат бөлінеді деп уәде берген еді. Біздегі банктерге барсақ, олар кем дегенде 2 мың шаршы метрді алып жатқан сауда үйлері ғана дейді», - деп түсіндірді кәсіпкер.

«Планканы түсіруге» тырысып жүргенімізге қатысты дау туындап жатыр: Бизнестің жол картасында сауда нысандарын қолдау қай кезеңнен бастап болуы мүмкін. Алайда онда сауда нысандарын салу туралы ғана сөз болады. Функциялану, даму, тағы да басқа қосымша дүниелер, өкінішке орай, оған жатпайды. Көңілімізді орнына түсіретін жалғыз нәрсе ауылдық жерлерде және моноқалаларда шектеу жоқ, кез-келген нысандар БЖК қатысушысы бола алады. Облыс орталықтары мен елордаға қиынырақ – бұл жағынан сіздердің алаңдаушылықтарыңызды түсінеміз. Біз тек 15 мыңнан 2 мыңға түсіруге ғана қол жеткіздік (шаршы метрді – автор еск.)», - деп жауап берді Гүлнар Құрбанбаева.

Ол ҰКП, осы мәселеде кәсіпкерлерде арзан ақша пайда болуы үшін, бұл жұмысты одан әрі жалғастыратынын баса көрсетті.

«Бір жағынан қарасақ, «Инвестициялар туралы» заң да бар. Оған да кіруге тырысып жатырмыз. Сауда нысандары үшін де, басқа да бірқатар салалар мен қызметтер үшін де артықшылықтар жолы пайда болды. Бірақ билік бұл артықшылықтардың 2 мыңнан басталатын (шаршы метрден – автор еск.) сауда нысандарын салуға ғана қатысты болуына келісіп отыр», - деді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер