astana-view

ALMEX-Baiterek Fund қаражатының 70 пайызы агроөнеркәсіптік кешен мен тамақ өнеркәсібіне инвестицияланады

2015 жылғы 16 Маусым
8144 просмотров

ALMEX-Baiterek Fund тікелей инвестициялар қорында корпоративтік басқару органдары құрылды

Қор қатысушылары – «Алмэкс Проект» ЖШС және «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ кезектен тыс жалпы жиналысында Бақылау кеңесі мен қор басқармасының мүшелері сайланды (Қордың басты тұлғалары), олардың сандық құрамы, уәкілеттік мерзімі айқындалды. Аталмыш коропративтік басқару органдарының және қордың Инвестициялық комитетінің жұмысы туралы Ереже бекітілді.

Қатысушылар қордың операциялық және инвестициялық қызметіне қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

ALMEX-Baiterek Fund тікелей инвестициялар қоры Мемлекет басшысының «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 қадам» Бағдарламасында алға қойған міндеттерін орындау үшін, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі мен «АЛМЭКС» холдингтік тобының қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметі мен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен құрылды.

Қор мөлшері 18,6 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде 70% агроөнеркәсіп кешені мен тамақ өнеркәсібіне инвестицияланады, 30% - Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес басымдылықтылар қатарындағы шектес салаларға.

Қор қызметі жобалық компаниялар акцияларының жарғылық капиталына/ пакетіне қатысу жолымен отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталады. Ал аффилирленген тұлғалар тобының жобаларын қаржыландыру үшін ең жоғары сома қор мөлшерінен 15% құрайды. Қордың бір жобада болуының орташа уақыты қатысу туралы шешім қабылданған сәттен бастап шамамен 5 жылды құрайды. Қордың жобада болу шарты, дивидендтер төлеу мәселесі, сондай-ақ қор үлесін жүзеге асыру шарттары еріктілік, ашықтық және есептілік қағидаттарында жобалар бастамашыларымен келіссөз процесін жүргізу жолымен әрбір жеке жобаға белгіленетін болады.

Жақын арада қордың басты тұлғалары инвестициялар аумағындағы кәсіпқойлар тобын құруды, басқа да ұйымдастыру мәселелерін шешуді және қор қызметінің басталуын жоспарлап отыр.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер