astana-view

Жылуды есептеу аспаптарын орнатуды Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту қоры қаржыландырады

2015 жылғы 16 Маусым
9560 просмотров

2013 жылғы қазан айында Мемлекет басшысының тапсырмасымен «ТКШ дамыту қоры» АҚ қаражаты есебінен жалпы үйге арналған есептеу аспаптарын орнатуды Бағдарламалық қаржыландыруды жүзеге асыру ережесі жасалды

Қазір Ереже Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қарауында жатыр.

Құжатта табиғи монополиялар субъектілері үшін критерийлер мен іріктеу, жылу есептеу аспаптарын жеткізушілерді айқындау тәртібі белгіленген.

ҰКП түсіндіруінше, жалпы үйге арналған жылу есептеу аспаптарын орнатуды қаржыландыру ТКШ дамыту қоры арқылы, қайтарымды негізде жүзеге асырылады. Ол үшін табиғи монополиялар субъектісі (жылумен жабдықтаушы ұйым) «ТКШ дамыту қоры» АҚ-да қаржыландырылуға өтінім беруге тиіс. Қор жағымды жаққа қаралған жағдайда ТМС-мен жылдық 4% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен жылумен жабдықтаушы ұйыммен қаржылық лизинг шартын жасайды және жеткізушіге алдын ала төлем жасайды. Жалпы үйге арналған жылу есептеу аспабын орнатып, қолданысқа бергеннен кейін, сонымен қатар жеткізуші ақшалай кепілдендіру қамсыздандыруын ұсынғаннан кейін ТКШ дамыту қоры жеткізушіге жабдықтың барлық құнын төлейді.

Одан кейінгі қимыл мына тәртіпте: тұрғын жай (пәтер) иелері жасалған (жария) шарт негізінде есептеу аспаптары үшін ай сайын монополиске жарна салып тұрады (төлем құжатында жеке жол бойынша). Жылумен жабдықтаушы ұйым өз кезегінде тұрғын жай (пәтер) иелерінен алынған қаражатты «ТКШ дамыту қоры» АҚ-ға аударады. Бұл қаражат осыдан кейін басқа да көп пәтерлі тұрғын үйлерде есептегіштерді орнатуға реинвестицияланады.

Жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстарды мына электронды мекенжайға жіберуге болады: s.alimbayev@palata.kz

«ТКШ дамыту қоры» АҚ қаражаты есебінен жылуды жалпы үйге арналған есептеу аспаптарын  орнатуды бағдарламалық қаржыландыруды жүзеге асыру ережесімен мына жерде танысуға болады


Еншілес ұйымдар

Серіктестер