astana-view

Кім үздік атанады?

2015 жылғы 16 Маусым
- Ақтөбе облысы
13452 просмотров

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға өтінімдер қабылдауды бастады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Алтын сапа» президент сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» жәрмеңке-көрмесінің ұйымдастырушысы болып табылады. Осыған орай өңірлік Кәсіпкерлер палаталарында қатысушылардан өтінімдер қабылдау басталып кетті.

«Сапа саласындағы жетістіктер үшін республика Президентінің сыйлығын табыстау жылдың басты оқиғасы болып табылады. Сыйлықты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев табыстайды. Бұл еліміз үшін байқаудың маңыздылығынан хабар береді. Байқау «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» және «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациялары бойынша өткізіледі. Ақтөбе облысынан байқауға қатысу үшін 12 өтінім қабылдадық, соның ішінде бірінші номинация бойынша үш өтінім, екіншісі бойынша - төртеу, үшіншісі бойынша - бесеу», - деді ӨКП сарапшысы Дидар Боранқұлов.

Сарапшы сөзіне сүйенсек, 17 маусымда әлеуетті қатысушылар үшін «Алтын сапа» байқауының баға критерийлері бойынша оқыту семинары ұйымдастырылады. Биылдан бастап заңды тұлғалар ғана емес, жеке кәсіпкерлер де аталмыш байқауға қатыса алады.

«Семинар байқауларға қатысуды жоспарлап жүрген сарапшылар мен кәсіпорындар өкілдері үшін тегін негізде өткізіледі. СМЖ бойынша сарапшы-аудитор, ТМД сыйлығының сарапшысы, EFQM Еуропалық сыйлығының асессоры Мәдина Мұқатова ұйым қызметіне өзіндік баға беру бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіліп, оларды өткізу тәртібі мен ережесі түсіндіріледі», - деп жалғады сөзін Дидар Боранқұлов.

Өтінімдер 25 маусымға дейін қабылданады. Осыдан кейін ӨКП жанынан құрылған өңірлік сараптамалық комиссия қатысушыларға алдын ала баға береді: компаниялардың алдында соңғы үш жылдағы шығарылатын өнімі мен көрсетілген қызметінің жоғары сапасын растау керек болады.  Дипломанттарды республикалық деңгейде ҰКП айқындайды.

Байқау жеңімпаздары «Алтын сапа» сыйлығының эмблемасын табысталған соң төрт жыл бойында жарнама мақсатында қолдану құқығына ие болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер