astana-view

Төрешілдіксіз құрылыс ісі

2015 жылғы 18 Маусым
8381 просмотров

Құрылыс салудың бірыңғай ережелері 1 тамызға дейін дайын болады

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жұмыс тобы құрылыс нормаларын бірегейлендірумен айналысады.

Аталмыш мәселе «Атамекен» ҰКП Төралқасы Құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру және ТКШ комитеті отырысында қаралды.

«Құжат 2015 жылғы 1 тамызға дейін дайын болуға тиіс. Сәйкес заңнамаға түзетулер Парламентке осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін енгізілуі мүмкін», - деп хабарлады Ұлттық палата Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

«Атамекен» ҰКП Төралқасы Құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру және ТКШ комитетінің төрағасы Александр Беловичтің айтуынша, қазір Қазақстанның өңірлерінде жер телімдерін бөлу бойынша ережелер аумаққа құрылыс салу жөнінен де, рұқсат құжаттарын алу механизмі бойынша да, нысанды пайдалануға беру алгоритмі бойынша да қатты ерекшеленеді.

«Әкімшілік кедершілерді жою және жеңілдету мақсатында Ережені бірегейлендіруді жоспарлап отырмыз. Ол болашақта құрылыс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деп атады Александр Белович.

Юлия Якупбаеваның айтуынша, құжаттаманың өту мерзімі әрбір кезеңде қысқартылатын болады.

«Біз емес, құжаттар біздің соңымыздан жүруі үшін, «бір терезе» қағидатын реттемелемекшіміз. Әрбір кезеңде мерзімдерді емес, нақты мемлекеттік қызметті өңдеу үшін, оны бағалай алуымыз үшін, ал мемлекеттік қызмет кешенді түрде көрсетілуге тиіс», - деп жалғады сөзін Юлия Якупбаева.

Бірыңғай ереже ойластырудан бастап ғимаратты пайдалануға беруге дейінгі құрылыс процесінің барлық сатыларын тәптіштейтінін атап өтеміз. Атап айтқанда, «қызыл жолақ» салу, саралау, техникалық шарттар алу және т.б. процестер қамтылған. Құжат әрекеттегі бюрократиялық процедураларды азайтуға, құрылыс процесінің ашықтығын көтеруге және сыбайлас жемқорлық факторларын болдырмауға бағытталған.

Комитет отырысында сонымен қатар тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту және баға белгілеудің ресурстық әдісіне көшу мәселелері қаралды.

«Жақында ғана экономика министрімен таяу жылдары Қала құрылысы кодексі жасалатыны жайлы келістік. Ол бүгінде қолданылып жүрген шашыраңқы нормативтік құрылыс құжаттарының санын біріктіреді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, құрылыс саласындағы қолданыстағы заңнамада кемшілік көп. Бұл салушылардың құрылыс салу әлеуетін толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деп атады Александр Белович.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер