astana-view

Дәулет Ерғожинға арналған хаттар!

2015 жылғы 22 Маусым
13024 просмотров

Мемлекеттік табыс комитетінің басшысы Дәулет Ерғожинға кәсіпкерлерден ашық өтініштер

Бизнес өкілдері деректер беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды міндетті қолдану туралы норманы енгізуге қарсы. Олар бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында және Өңірлік кәсіпкерлер палаталарында өткен жиналыстар үстінде бірнеше мәрте мәлімдеді. Сонымен қатар, бизнесмендер Мемлекеттік табыс комитетінің басшысы Дәулет Ерғожинға жаппай хат жазуда, алайда олардың өтініштері назардан тыс қалуда. Бұл жерде кәсіпкерлердің өтініштерін орналастыратын боламыз.

Деректер беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды қолдану қажеттігі туралы норма 2015 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетінін еске саламыз. 12 маусымда ҰКП-да өткен дөңгелек үстел барысында сөз алып, Дәулет Ерғожин аталмыш жүйеге шамамен 2 мыңға жуық кәсіпкер ғана қосылғанын жеткізді. Сонымен бірге 396 мұнай базасы, 3 483 автоқұю станциясы мен 40 279 алкоголь өнімін сататын салық төлеуші әлі күнге дейін жаңа аппаратқа көшпеген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер