astana-view

Медицина қызметкерлерінің күнімен!

2015 жылғы 22 Маусым
18096 просмотров

Құрметті Қазақстанның денсаулық сақтау саласы қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мереке – Қазақстан Республикасы Медицина қызметкерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінгі таңда біздің еліміз көлемді реформалар жүргізуде, олардың арасында денсаулық сақтау жүйесін модернизациялауға маңызды роль берілген. Мемлекет басшысы отандық медицина алдына үлкен әрі жауапты міндеттер қойып отыр. Қазақстанда бүгінде еңбекқор әрі жауапты кәсіпқойлар, көптеген бірегей мамандар жұмыс жасап жатыр. Қазақстандық медицина қызметкерлері жаңа технологияларды, дигностикалау мен емдеудің инновациялық әдістерін игеруде.

Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторы да, мемлекеттік –жеке меншік әріптестік ойдағыдай дамып келе жатқанын ерекше атап өту керек. Ең соңғы үлгідегі жабдықтар қойылған және білікті мамандары бар заманауи медицина орталықтары пайда болуда.

Осы жұмыстың қорытындысын шығарып, жеке меншік медицина саласы қызметкерлерінің арасынан үздіктерді анықтайтын уақыт келді. Денсаулық сақтау саласының мемлекеттік емес секторында өткен алғашқы Республикалық байқау жеңімпаздарын лайықты марапаттарымен құттықтаймын! Жыл өткен сайын осындай құрметті номинация алуға үміткерлер мен қатысушылар санының арта түсетініне сенемін.

Осындай мерекелік күнде барлық дәрігерлеріміз бен мейірбикелерге, техникалық персоналға, денсаулық сақтау ардагерлері мен ұйымдастырушыларына, медициналық білім, ғылым,  кәсіби медициналық қауымдастықтар қызметкерлеріне ризашылығымды білдіргім келеді.

Адал ниетті еңбектеріңізбен, азаматтарымыздың денсаулығына деген ықылыс-қамқорлықтарыңызбен ең жылы, ең шынайы алғыс сөзге әбден лайықсыздар.  

Құрметті дәрігерлер! Ауыр да жанкешті, мәртебелі жұмыста табыстарға жете беріңіздер. Отбасыларыңызға, туған-туыстарыңызға бақыт пен амандық тілеймін.

Сәттілік тілеймін, қоғамның сый-құрметіне бөлене беріңіздер!

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер