astana-view

ДСҰ: әлемге ашылған қақпа

2015 жылғы 25 Маусым
- Ақтөбе облысы
11316 просмотров

Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру Қазақстан үшін жаңа экономикалық көкжиектерге жол ашады

22 маусымда еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздердің аяқталғаны туралы хабарланды. Қазақстан ресми түрде ДСҰ-ның 162 мүшесі болып 2015 жылғы 15-19 желтоқсанда Кенияда өтетін ДСҰ Х министрлік конференциясында жарияланбақшы.

Ақтөбелік экспортшылары Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруі еліміздің әлемдік қоғамдастықта жайлы да ашық инвестициялық және іскерлік климатқа ие сенімді сауда серіктесі ретінде танылуына тікелей әсер ететініне сенімді. Аталмыш ұйымға мүшелік отандық кәсіпкерлерге бірқатар басымдылықтар береді.

«Біз өз тарапымыздан компаниялар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. ДСҰ-ға кіру Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар тартуға, Қазақстанның күллі әлем бойынша тығыз сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуына және ел ішінде бәсекеге қабілетті бизнес дамыту үшін тұрақты да болжамды орта құруға септесері сөзсіз. Саудамыздың 90%-ы ДСҰ елдеріне келеді. Сондықтан да дау туған жағдайда компанияларымыз сауда дауларының шешілуі бойынша халықаралық механизмдер мен институттарға жүгіне алатын болады», - деп есептейді ӨКП сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің сарапшысы Гүлмира Қазмұхамбетова.

Ақтөбе облысының ДСҰ мүше мемлекеттерге экспортының көлемі былтырғы жылда ғана 5 млрд доллардан астам соманы құраған. Сарапшылар болжамына сүйенсек, ұйымға кіргеннен кейін тауар айналымы арта түсетін болады. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер