astana-view

Елордалық кәсіпкерлерге арналған «Бизнес-кеңесші»

2015 жылғы 25 Маусым
- Астана қаласы
13950 просмотров

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы барлық тілек білдірушілерді «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша тегін екі күндік курстан өтуге шақырады

Тәжірибелі тренерлер маркетинг, адами ресурстарды басқару, бизнесті жүргізудің заңгерлік мәселелері, қаржы бойынша сабақтар өткізеді. Тренингке қатысушылар екі күн ішінде бизнес-жоспар құруға және ақпараттық ресурстарды пайдалануға үйренеді, салық режимдерінің қыр-сырынан хабардар болады, бизнесті мемлекеттік қолдау құралдарымен танысады.

Сабақ кестесі:

  • 25 — 26 маусым — Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 8 «А», 3 қабат
  • 29 — 30 маусым —Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 8 «А», 3 қабат
  • 10 — 11 шілде — Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 8 «А», 3 қабат
  • 16 — 17 шілде — Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 8 «А», 3 қабат
  • 23 — 24 шілде — Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 8 «А», 3 қабат
  • 30 — 31 шілде — Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 8 «А», 3 қабат

Сабақты тренерлер Ыдырысова Салтанат және Құсайынов Қайрат өткізеді.

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатсындағы байланысушы тұлға – бизнесті сервистік қолдау бөлімінің сарапшысы Зауре Бачеева: +7 7172 919087, +7 747 6952369.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер