astana-view

Мерекелеріңізбен, журналистер!

2015 жылғы 26 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
16307 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы салтанатты жағдайда қалам және микрофон қызметкерлерін кәсіби мереке Байланыс және ақпарат күнімен құттықтады.

Өңірдегі Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев құттықтау сөзінде өңірлік бизнес-орта дамуын ашып көрсетудегі ашықтық пен объективтіліктің журналистің кәсібилігі, туралығы және азаматтық ұстанымына тәуелді екенін атап өтті. «Бүгінгі таңда, егер адам ақпаратқа иелік етсе – ол күллі әлемге иелік етеді. Және де осы әлемді сіздер сияқты адамгершіл дүниетанымға ие кәсіпқойлардың басқарғаны маңызды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының негізгі міндеті бизнес субъектілерінің мүдделерін қорғау болып табылады. Өңірлік палата осы мәселелерді шешу үшін көлемді жұмыс жүргізуде және бұқаралық ақпарат құралдарының көмегінсіз оның толық циклын елестету мүмкін емес. БАҚ қатысуымен ғана шалғайдағы аудандар мен ауылдардағы кәсіпкерлерге маңызды ақпаратты жеткізе аламыз. Бұл бизнесті қолдаудың, заңнамадағы өзгерістердің жаңа құралдары және көптеген басқалары. Сіздерді тағы бір рет кәсіби мерекемен құттықтағым келеді және сіздерге қызықты сюжеттер, очерктер мен жарияланымдар тілеймін», - деп атады Жеңіс Қазиев.

Палата атына журналистер де өз алғыс сөздерін арнады. «Назар аударып жатқандарыңызға үлкен рахмет! Кәсіпкерлер палатасымен әріптестік үшін аса қуаныштымыз. Сіздермен мақсатымыз бір бизнесті қолдау құралдарының түрлерін, олардың жүзеге асырылу жолдарын бизнесмендерге ашып көрсету және жеткізу. Болашақта да әріптестіктің жалғасарына сенімім мол», деп атады «24kz» телеарнасының меншікті тілшісі Айдарбек Балғабеков.

«Аудандық «Знамя труда» газеті көптеген өзекті мәселелер жайлы, соның ішінде бизнес мәселелерін де жазып тұрады. Нина Николаевна Василенко басқаратын СҚО Кәсіпкерлер палатасы Мамлют ауданындағы филиалымен тығыз ынтымақтастықтамыз. Палата жұмысы туралы материалдар көбінесе тұтас блок ретінде келеді, себебі филиал аса жемісті жұмыс жасауда – аптасына екі-үш іс-шара өткізіледі және олардың барлығы халық үшін де, бизнеспен айналысуды бастағандар үшін де өте өзекті және пайдалы, сондықтан да барлық ақпарат аудандық газет арқылы жүреді. Мамлюттіктер ауданда облыстық Кәсіпкерлер палатасы филиалының бар екенін біледі. Олармен белсене байланысқа шыға бастады, өйткені барлығы да бизнесті дамыту үшін кредит алу, заңгерлік көмек алу, бизнес-жоспар құру және басқа да мәселелерге қызығушылық танытады. Осының барлығын Палата филиалынан таба аласыз. Нина Николаевна ісін бастаушы бизнесмендер үшін де, жұмыс жасап жүргендер үшін де белсенді көмекші», - деп атады «Знамя труда» газетінің редакторы Халида Шагвалеева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер