astana-view

Тимур Құлыбаев: Қазақстандық кәсіпкерлер тең емес жағдайға қалды

2015 жылғы 26 Маусым
8285 просмотров

«Атамекен» ҰКП Төралқасының басшысы үкіметті шынайы инвестиция салып, жұмыс орындарын құрып, бәсекеге қабілетті өнім өндіріп жүргендерге қолдау көрсетуге шақырды.

«Атамекен» ҰКП Төралқасы ҚР Премьер-министр Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен кеңейтілген отырысында рубль бағамының құлауы салдарынан қазақстан бизнестің басына түскен күрделі жағдай талқыға салынды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Тимур Құлыбаев қазақстандық кәсіпкерлердің қазірде ЕАЭО-дағы әріптестерімен тең емес жағдайға қалып отырғанын атап өтті. «РФ, Беларусьтан Қазақстанға жасалатын импорт деңгейі өсті, ал біздің ол жаққа экспортымыз төмендеп кетті. Бүгінгі таңда тең емес жағдайда бәсекелесіп отырғанымыз түсінікті. Біріншіден, анық мәселе – бұл айырбастау бағамы. Экономикалық жүріс-тұрыстың осындай үлгісі бар, біз өзіміздегі айырбастау бағамы осындай болады деген шешім қабылдадық. Жарайды, бұл макроэкономикалық қондырғы.  Бірақ онда кәсіпкерлерімізбен бәсекелесу жағдайын теңдестіріңіз, нүктелі түрде көмектесейік», - деп мәлімдеді ол.

Тимур Құлыбаев «осы кәсіпорындар артында ұжымдар тұрғанын» баса айтты. «Белсене жұмыс жасаған кәсіпорындардағы жұмыс орындары қысқарып жатыр, бұл, әсіресе, ауыл шаруашылығына қатысты, ал одан әрі тізбек бойынша – тамақ, өңдеу өнеркәсібі. Оларда бюджеттен ауыл шаруашылығына дотация деңгейі айтарлықтай көп – Беларусьте де, РФ-да да. Жалпы Қазақстанда мемлекет тарапынан субсидиялау деңгейі ЕАЭО басқа елдеріне қарағанда төмен, сәйкесінше біздің кәсіпкерлердің тең емес жағдайда бәсекелесуіне тура келеді», - деді ол.

«Бүгін біз шақырып отырған кәсіпорындар – бұл көшбасшы кәсіпорындар. Олар былтырғы жылға дейін мемлекеттік қолдауға зәру емес еді. Алайда рубль бағамының төмендеуіне орай сыртқы экономикалық түйткілдер туындаған. Шынымен инвестициялар салғандарды, жұмыс орындарын құрып, бәсекелесе алатын өнім өндіріп, оны экспортқа шығаратын кәсіпорындарды қолдаңыздар деп жүгінеміз. Біз ҰКП ретінде адал ниетті кәсіпкерлерді жақтаймыз», - деп мәлімдеді Тимур Құлыбаев.

Премьер осындай кәсіпкерлер тізімін жасауға тапсырма берді және үкіметтің оларға нүктелік бір реттік көмек көрсететініне уәде берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер