astana-view

Ерекше бақылауға алынды

2015 жылғы 26 Маусым
10110 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ҚР Энергетика министрлігінің «Атырау ЖЭО» АҚ-ға парниктік газдардың шығарындыларына қосымша квоталар беруден бас тартуына қатысты «Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығы» ЗТБ жүгінді.

«Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидаларына» сәйкес «Атырау ЖЭО» АҚ Энергетика министрлігіне электр энергиясы мен жылу өндірісінің ұлғаюына, және де осының салдарынан парниктік газдар шығарындылары көлемінің ұлғаюына байланысты қосымша квоталар бөлу туралы өтінім берді. Бейіндік ведомство аталмыш өтінішті 15 күнтізбелік күн ішінде қарап шығуға міндетті болған, алайда, бұл процесс үш айдан астам уақытқа созылып кетеді. Сонымен қатар кәсіпорынға үстіміздегі жылдың 12 қаңтарында келген хатта жауаптың 2014 жылғы жетоқсан айының соңында жіберілгені айтылады.

Негізінде өтініш қанағаттандырылмаған. Уәкілетті орган Атырау ЖЭО қуаттылығының айтарлықтай ұлғаюының орын алмағанын сылтауратады. Дегенмен, шын мәнінде, кәсіпорын өз өтінімінде квота алуға негіздемені көрсеткен еді. Атап айтқанда, өз сұрауында қосымша енгізілген үш қазан агрегатының негізінде ЖЭО қуаттылығы ұлғаюы бойынша деректер береді. Осының өзі сұралған квотаны алуға негіз болып табылады. ЖЭО басшылығының келесі қадамы кәсіпорынның парниктік газдардың барлық жаңа көздерін көрсеткені және қосымша квотаға құқығы бар екені жайлы апелляциялық хат болды. Бұдан әрі уәкілетті орган кәсіпорынның қосымша квота алуға жасаған сұрауының мерзімі өтіп кеткенін жазып, жауап береді. Осылайша, ведомство «Жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының 8 бабын бірнеше мәрте бұзып, «Атырау ЖЭО» АҚ заңмен белгіленген мерзім аясында квота алу мүмкіндігінен айырды, сонымен бірге, өз бас тартуына ешқандай сенімді дәлел келтірмеді.

«Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығы» ЗТБ жүгінгеннен кейін Ұлттық палата аталмыш мәселе бойынша бас тартудың негізсіздігін және кәсіпорын сұрауын қарауға деген формалды ұстанымдармен байланысты тәуекелдерді атай отырып, Энергетика министрлігіне Атырау ЖЭО үшін қосымша квота беру туралы хат жолдады. Сонымен, «Атырау ЖЭО» АҚ қосымша квота алмаған жағдайда 3 млрд теңгеден астам айыппұл төлеуге және қабылданған нормаларға сәйкес биржадан квота алу жолымен асып кеткен көлемді жабуға мәжбүр болады. Квоталарға деген қалыптасқан нарықтық бағаны ескере отырып кәсіпорынның қосымша шығындары 228 млн теңгеден 391 млн теңгеге дейінгі аралықты құрайтынын ерекше атап өту керек, яғни Атырау ЖЭО 3,5 млрд теңгеден астам қаражатты іздеп табуға тиіс болады, ал бұл өңірдегі электр энергиясы тарифінің күрт өсуін тудыруы мүмкін.

Бүгінгі күнде бос квоталар төңірегінде жағдай шиеленісіп тұр. Биржада бір жыл ішінде осындай 500 мыңнан астам квота сатылып кеткен. Атырау ЖЭО басшылығы аталмыш квотаны алмаса не сатып алмаса, жабылуға мәжбүр болады. ЖЭО әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, қосымша квота алу мәселесі Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ерекше бақылауына алынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер