astana-view

Жаңару жолы

2015 жылғы 26 Маусым
- Алматы қаласы
10485 просмотров

Кәсіпкерлерге жақсы оқытылған, күрделі міндеттерді орындауға дайын заманауи мамандар ауадай қажет. Даярлау, қайта даярлау, біліктілікті көтеру жүйесін реформалаусыз кәсіпорындарды мұндай кадрлармен қамтамасыз ету мүмкін емес. Алматы полиграфия колледжінде «Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының басқарушы және педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін көтеру жүйесін реформалау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған Алматы Кәсіпкерлер палатасы, салалық Қауымдастықтар, «Өрлеу» ҰБКО» АҚ, Білім беру басқармасы өкілдері, колледж басшылары мен оқу-әдістемелік бірлестіктер төрағаларының орынбасарлары қатысты.

Алматы ӨКП адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Вера Цзин Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының қалалық әкімдік қолдауымен экономика салалары бойынша кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін көтеру және сертификаттау салалық оқу-әдістемелік кластерлер құрып жатқанын жеткізді.

«Алматыда бес салалық оқу кластері құрылды: жеңіл өнеркәсіп, баспахана және полиграфия, тамақ, жиһаз өндірісі, туризм және қонақжайлылық. Арнайы пәндер оқытушы-шеберлердің біліктілігін көтеру жүйесін жетілдіру үшін, осындай кластерлер базасы қолдалынуға тиіс», деп атады Вера Цзин.

Оның айтуынша, дуалды оқыту инфрақұрылымын дамыта отырып, сертификаттау, теориялық және практикалық оқыту, кәсіптік даярлану және жұмысқа тұру деңгейін бағалау стандарттары сияқты  кәсіптік және білім беру стандарттарын да дайындау процесінің бірыңғай әрекет етуші механизмге сабақтастығын қаматамсыз ету қажет.

Өндірістік оқыту шеберлері, арнайы пәндер оқытушылар және Қазақстанның КжТББ ұйымдары басшылық жасаушы қызметкерлері республикалық бюджет қаражаты есебінен салалық кластерлер үйлестірушілік оқу орталықтары базасында біліктіліктерін көтеретін болады. Аталмыш бағдарламаларға практикаға бағдарланған компонент немесе 72 сағатты құрайтын біліктілікті көтеру курсы уақытының жалпы көлемінен 60 % шамасындағы модуль енгізіледі. Қазір Алматы ӨКП және салалық Қауымдастықтармен өндірістік оқыту шеберлерінің және арнайы пәндер оқытушыларының туризм, тамақтануды ұйымдастыру, жеңіл өнеркәсіп, полиграфия сияқты бейіндер бойынша біліктілігін көтеру үшін оқу бағдарламалары дайындалды және мақұлданды. Салалық кластерлер базасында «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті көтеру орталығы арқылы жоғарыда аталған бағдарламалар бойынша біліктілікті көтеру курстарын үстіміздегі жылдың екінші жарты жылдығында өткізу жоспарланып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер