astana-view

Ойына келгенді жасайды!

2015 жылғы 26 Маусым
- Шығыс Қазақстан облысы
12604 просмотров

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен және Семей қалаларында үстіміздегі жылдың 1 маусымынан бастап ұйымдар үшін «Өскемен Су арнасы» көрсететін сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне тарифтердің көтерілуіне орай күрделі жағдай орын алды. Заңды тұлғалар үшін сумен жабдықтау қызметтеріне 197,02 теңге/м3 мөлшерінде, әрекеттегі тарифке қатысты 129,76%-ға ұлғайған; су бұру қызметтеріне 204,5 теңге/м3 мөлшерінде, әрекеттегі тарифке ұлғаю 175,4%-ға.

«Қызметтер тарифтерін ұстап тұру бойынша көптеген өтініштер жасағанымызға қарамастан, Өскемен және Семей қалалары бойынша сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне 100%-дан астам мөлшердегі тарифтердің теңдессіз көтерілуі орын алды», -деп атайды ШҚО КП директоры Игорь Шацкий.

Сондай-ақ, ШҚО бойынша Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі Департамент бұйрығына сәйкес, "Семей Су арнасы" МҚК сумен жабдықтау қызметтерінің тарифін бекітті. Онда қолданыстағы сумен жабдықтау тарифінің 133,44%-ға анық ұлғайғаны, су бұру қызметтеріне қызметтердің 147,87% ұлғаюы байқалады. Заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар арасындағы бекітілген тарифтер айырмашылығы 437,8% құрайды.

Шағын бизнес субъектілері үшін коммуналдық шығындар үлесі өнімнің өзіндік құны бойынша сумен жабдықтау және су бұру қызметтері тарифтерінің әрбір көтерілуімен ұлғайып келеді, бұл көбінесе кәсіпкерлердің банкроттығына алып келеді.

«Мәселен, Өскеменде 45 наубайхана жұмыс жасаған. Сумен жабдықтау және басқа да коммуналдық қызметтер тарифінің көтерілуі салдарынан бар-жоғы 19-ы қызмет еуін жалғастырып отыр. Көптеген кір жуу орындары таралу шегіне жеткен және мұндай мысалдар көбейіп келеді», деп атады Игорь Шацкий.

Заңды тұлғалар үшін сумен жабдықтау қызметіне тарифтердің көтерілуі өңір кәсіпорындарының орталық сумен жабдықтаудан бас тартуына және мәжбүрлі түрде ішкі су айналымына кетуіне әкелуі мүмкін.

Палата директорының айтуынша, коммуналдық қызметтер үшін белгіленген төлемдердің айтарлықтай өсуінде кәсіпорынның инвестициялық бағдарламалары елеулі роль ойнады. Олар тарифтер өсуі есебінен ғана орындалады. Сонымен бірге тарифтік сметалардағы еңбекақылар 2 есе ұлғайтылған, ал өткен жылдары 10%-ға ғана көтерілу байқалған еді.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының пікірінше, сумен жабдықтау қызметтері тарифтерінің ұлғаюы жылумен жабдықтау тарифтеріне мультипликативтік әсерін тигізеді де, бұл өз кезегінде кәсіпкерлердің өндірістік процесінен кері көрініс береді. Сонымен қатар ең қажетті әлеуметтік өнімдерге, қызметтер мен жұмыстарға – сүт және нан-тоқаш өнімдеріне, шаштараз қызметтері мен көптеген басқаларына.

«Облыс монополистерінің баға жайлы сөз байласуларына ерекше назар аударғым келеді. Өңірде сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін екі ірі базалық субъект тарифті бір сәтте 2 есеге көтереді, ал біршама шағын кәсіпорындар тарифтерді бұрынғы деңгейінде сақтап отыр. Монополияға қарсы ведомстволар құзыретіне жеке меншік кәсіпорындар бұзуларын қарау ғана кіретінге ұқсайды, ал мемлекеттіктер бақылаусыз әрекет етуде», деді Игорь Шацкий.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдар өкілдерін, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдары мен табиғи монополиялар субъектілері өкілдерін шақырумен өткен тариф белгілеу мәселелері жөніндегі жария тыңдау, Палата ойынша, ашық өтпейді. Мысалы, үстіміздегі жылдың 19 наурызында өткен "Өскемен Су арнасы" МҚК жария тыңдауында қатысушылар саны тұтынушылар санынан 0,1%-ға жетпеген. Қазірде Департамент негізінде жергілікті атқару органдарын және табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерін шақырып отыр.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы қалыптасқан жағдайға байланысты инвестициялық бағдарламаларды тек жергілікті атқару органдарының есебінен орындауды ұсынады. Сонымен қатар, коммуналдық қызметтерді төлеу түбіртектері мен хабарламаларында көрсетілген ақпарат арқылы жария тыңдаулар жайлы тұтынушыларға үнемі хабарлап тұруды ұсынады. Сараптау кеңестеріндегі сарапшыларының ұсыныстары нұсқаулық сипатта болады, ал олар міндетті сипатта болуға тиіс. Сондықтан да Департамент табиғи монополиялар субъектілері үшін шекті тарифтерді бекіту кезінде барлық қызмет түрлеріне тарифтер өсуін тек қана инфляция шегінде бекітуі қажет.

Шығыс Қазақстан облысында 7 жыл ішінде заңды тұлғалар үшін сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтің 1293,63%-ға айтарлықтай өскені байқалатынын; су бұру тарифінің 709,33% құрайтынын атап өту керек. Бұл 7 жыл ішінде 40,2 % құраған инфляцияның жиынтық деңгейінен әлдеқайда ілгері кеткен көрсеткіш.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер