astana-view

Үлкен химияны шағын бизнес қамтамасыз етеді

2015 жылғы 26 Маусым
8899 просмотров

Ұлттық палата химия өнеркәсібінің жоғары тиімділікті шағын және орта кәсіпорындарын дамытуды қолдайды

Павлодарда бейнеконференция режимінде бизнестің қатысуымен химия өнеркәсібі мәселелері бойынша жиналыс өтті. Іс-шараны Өңдеу өнеркәсібі комитеті Хатшылығының басшысы Нұрлан Сақуов ашты. 

Бүгін елімізде химия өнеркәсібінің 700-ден астам кәсіпорны тіркелген. Олардың арасында 247 белсенді түрде әрекет етеді. Әрекет етуші кәсіпорындар арасынан шамамен 90% жуығы – бұл шағын бизнес өкілдері. Өңдеу өнеркәсібі комитеті Хатшысының айтуынша, бизнестің дәл осы сараланымы бүгінде аз зерттелген күйінде қалып отыр және оны дамытуға ерекше назар аудару қажет.

«Атамекен» ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитеті Хатшылығының сарапшысы Төлеген Молдахметов химия өнеркәсібінің негізгі көрсеткіштері жайлы айтып берді.

«Қазақстанда соңғы бес жылда химия өнеркәсібінің көлемі 2,2 есе ұлғайды және ақшалай 229 млрд теңгені құрап отыр. Бүгінде Қазақстанда өндірістің 50 %-ын базалық химия – күкірт қышқылы, аммиак хлоры және басқа өнімдер өндірісі алады.  Екінші орында – минералдық тыңайтқыштар. Сонымен бірге көп импортталатын тауарлар полиэтилен, жуғыш, тазалау және косметика құралдары болып табылады», - деп атады Төлеген Молдахметов. - «ЕЭК деректеріне сүйенсек, былтырғы жылы ЕАЭО-дағы химия өнімдері өндірісінің жалпы көлемі 60 млрд  доллардан астам соманы құраған. Осы көлемнің 2 %-дан сәл астамы Қазақстанда өндірілген».

Сарапшының айтуынша, химия саласын дамытудың басты түйткілдерінің бірі салалық министрліктің негізінде ірі және орта бизнеспен жұмыс жасап, шағын кәсіпорындарды назардан тыс қалдыруында болып отыр. ҰКП міндеті – саланы дамытуға барынша мониторинг жүргізу, шағын бизнестің даму  жолында кездесетін түйткілдерді айқындау, болашақта, бейіндік министрлікпен бірге осы кәсіпорындар үшін мемлекеттік қолдау шараларын дайындау.

Алайда ҚР Инвестициялар және даму министрлігі тұлғасындағы бейіндік ведомство өкілі өз ойын білдірді.

«Бұл бағыттағы жұмыстар жүргізіліп жатыр: Қазақстандық индустрияны дамыту институты инвесторлар тарту тұрғысынан келешегі бар тауарлар тізбесін дайындауда» - деп атады «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ Салалық талдау орталығы (ҚР ИДМ еншілес құрылымы) директорының орынбасары. – «Бұл жұмыстар химия өнеркәсібіне бағдарланған әлемдік нарықтың қажеттілігін түсіну үшін, әлемдегі қажеттіліктерді анықтау, осыдан келіп қазақстандық кәсіпорындар үшін қолдау шараларын дайындау үшін жүргізіліп жатыр».

Химия өнеркәсібі дамуын тежеп отырған мемлекеттік қолдаудың жүйелі шараларының жоқтығы ғана емес. Төлеген Молдахметов монополистер – темір жол тасымалдау кәсіпорындары мен электр энергиясы өндірісі тарифтерінің үнемі өсуімен байланысты мәселелер де бар екенін атап өтті.  Сонымен қатар, отандық химия өнеркәсібінде шикізатты қайта өңдеуден бастап дайын өнімді шығарғанға дейін  өндірістің толық циклы бар кәсіпорындар үлесі ерекше төмен. Әлсіз маркетингтік стратегия өнімнің ішкі және сыртқы нарықтарда өркендеуін тежейді.

«Аталмыш түйткілдерді шешу 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында және 2015 жылға арналған Өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдау жөніндегі жоспарда көрініс тапқан», - деп атады Төлеген Молдахметов.  

Отырыс барысында «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ және «KAZNEX INVEST» АҚ өкілдері кәсіпкерлерді өз бағдарламаларымен және дайын өнімді экспорттаудағы мемлекеттік қолдау шаралары жайлы егжей-тегжейлі таныстырып өтті.

Палата өкілдері осы салада жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлерден келіп түскен сындарлы ұсыныстардың барлығы  ҰКП-ның химия өнеркәсібін қолдау және дамыту жөніндегі жұмысында қаралып, ескерілетініне сендірді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер