astana-view

Мүлкі қайтарылды

2015 жылғы 30 Маусым
- Алматы қаласы
10241 просмотров

Алматы Кәсіпкерлер палатасы «Development Projects Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер теліміне заңсыз салынған тыйымды алып тастауға көмектесті. Тергеушінің әрекетсіздігінің салдарынан кәсіпкер бір жыл бойы өзінің мүлікке деген құқығын қалпына келтіре алмаған.

Палата сарапшылары анықтағандай, Медеу ауданы ІІБ қызметкерлері алаяқтық дерегі бойынша белгісіз тұлғаларға қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеу аясында кәсіпкердің жер теліміне тыйым салады, себебі оған құқық орнатушы құжаттар белгісіз жолдармен алаяқтар қолына түскен.

Кәсіпкер біраз уақыт өткен соң телімге деген құқық белгілеуші құжаттарын қалпына келтіріп, Медеу ауданы ІІ басқармасына мүлкінен тыйымды алып тастауды сұрап жүгінеді, бірақ өтініші қабылданбайды. Осыдан соң ЖШС басшысы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрап келді. ҰКП Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаменті өтінішті жағдайдың мән-жайын анықтап, шара қолдануды сұрап, Бас прокуратураға жолдайды.

Бас прокуратура өз кезегінде бұл өтінішті Алматы қаласының прокуратурасына жолдайды, ал олар Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасына жібереді.

«8 сәуірде Медеу аудандық прокуратурасы кәсіпкерге полиция қызметкерлерінің қылмыстық істі ұсынбағанын хабарлайды. Іс келіп түскен соң өтініште көрсетілген дәйектерді ескере отырып, нұсқау беріледі. Алайда 29 мамырға дейінгі ахуалы бойынша жер телімінен тыйым сол күйінше алынбайды», - деді Алматы ӨКП кәсіпкерлерді құқықтық қорғау бөлімінің сарапшысы Бауыржан Сералиев.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы аудандық прокуратураға қабылданған шаралар туралы соңғы жауап беруді талап етіп, хат жолдады. 17 маусымда Медеу ауданы ІІБ ТБ анықтаушысының өтініш  иесінің жер теліміне қатысты шектеуінің ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі нормаларын бұза отырып қойылғаны жайлы жауап келді. Медеу ауданының прокуратурасы оны тыйым салынғаннан кейін бір жылға жуық уақыттан соң заңсыз деп күшін жойды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер