astana-view

Кәсіпкерлікті қолдау орталығы іске кірісті

2015 жылғы 01 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
17799 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы Шоқан Уәлиханов ауданындағы КҚО консультанттары жеті кәсіпкердің кредит алу үшін қажет құжаттар пакетін ресімдеуіне көмектесті

«Консультация беріп, құжаттар жинауда көмектескен кәсіпкерлер бизнес-жобаларын жүзеге асыруға кредит алған кезде қуанамыз. Оған бір көмегіміз тигені көңіл сүйсіндіреді. Қазір ондай кәсіпкерлердің саны жетіге жетіп отыр. Алғашқылардың бірі болып Қайролла Ыбраев тұлғасындағы «Самұрық» шаруа қожалығы мал шаруашылығын дамытуға 1,7 млн теңге алды. Бір айта кететіні, шаруашылық сонымен бірге омарташылықпен де айналысады. Өткен жылы олар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында грант алуға қатысты. Осыдан кейін жеке кәсіпкер Қарлығаш Нұғыманова жүк тасымалдауды жүзеге асыру үшін және көлік сатып алу үшін 2 млн теңге алды, сосын Мақсат Сүлейменовтың «Дружба» фермерлік шаруашылығы Қарасу ауылдық округінде жылқы шаруашылығын дамытуға 5 млн. теңге алды. Бұрын шаруашылық «Сыбаға» бағдарламасына қатысқан болатын. Алған кредитерінің жалпы сомасы 8,7 млн. теңге құрайды», - дейді СҚО Кәсіпкерлер палатасы Уәлиханов ауданы филиалының директоры Батырхан Ахметов.

Уәлиханов ауданындағы кәсіпкерлердің көпшілігі кредитті мал шаруашылығын дамытуға алады. Ауданда жүзеге асырылған соңғы төрт жоба бойынша да осындай  қорытынды жасауға болады. Бұл мынадай бизнес-жобалар: Нұрбек Қабұйдоллиннің 1,1 млн теңге тұратын асыл тұқымды қоян шаруашылығы, Александр Еримичтің асыл тұқымды бұқа сатып алумен ірі қара өсіру шаруашылығы - 2,3 млн теңге, Гайтмухамед Хадировтың жылқы шаруашылығы - 3 млн теңге, Ахат Шәріповтың ірі қара мал шаруашылығы - 1,2 млн теңге. Осылайша, мақұлданған 7 кредиттің алтауы мал шаруашылығын дамытуға берілді.

КҚО жұмыс жасай бастағаннан бері бизнес субъектілері мен кәсіпкерлік бастамаға ие халыққа 397 консультация берілген. Олардың барлығы бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары жайлы, сондай-ақ СҚО Кәсіпкерлер палаталарының филиалдарынан, «Даму» қорынан және басқа да бизнесті дамыту институттарынан алуға болатын сервистік қызметтер түрлері туралы хабардар.

29-30 маусымда аудан орталығында «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша қаржылай қолдау аясында ісін бастаушы кәсіпкерлер үшін оқыту екінші рет өткізілді.

СҚО КП Уәлиханов ауданы филиалының Кәсіпкерлікті қолдау орталығы бизнес жобаларды сүйемелдеу жұмыстарын тұрақты әрі сапалы түрде жүргізіп тұрады. Көрсетілген қызметтердің негізгі түрлері арасында – патент алу, екінші деңгейлі банктер, қор үшін құжаттар пакетін қалыптастыру, құқық орнатушы құжаттарды тіркеу жөніндегі консультациялар, жобаларды сүйемелдеу, Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан, салық, жер органдарынан анықтама алу, және басқалары.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер