astana-view

«Жібек Жолы» алматылықтарға кредит таратуда

2015 жылғы 01 Шілде
12832 просмотров

Сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары үшін жаңа кредиттік желі ашылды

ҰКП сауда комитетінің хатшылығы Алматы қаласы әкімдігі мен «Даму» Қорының оңтүстік астанада сауданың заманауи форматын қалыптастыру жөніндегі бастамасын қолдайды.

Сарапшылардың пікірінше, сауда және қызмет көрсету салаларында, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына кірмеген салаларда жұмыс жасайтын алматылық кәсіпорындарға қаржылай көмек көрсетуге бағытталған «Жібек Жолы» бағдарламасы қызығушылық тудыруда.

Кредиттеу шарттары нағыз пессимистердің өзін таңқалдырады: номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылына 7% дейін; кредиттің максималды сомасы бір қарызгерге көп дегенде 180 млн. теңге; қарыз алу мерзімі – негізгі қаражатты алуға 7 жылға дейін және айналымдық қаражатты толықтыруға 3 жылға дейін.

Бағдарламаға Алматы қаласында тіркелген және қызмет етіп жатқан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері ғана қатыса алады.

Сонымен қатар бағдарлама аясында қаржыландырылатын кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі көзделген: олар жыл сайын жұмысшылар санын кем дегенде бір қызметкерге көбейтіп отыруға, сонымен қатар қаржыландыру мерзімі аяқталғанға дейін әрекеттегі жұмыс орындарын сақтауға тиіс.

Қазақстандық банктер бағдарламаны жүзеге асыру үшін «Даму» Қоры мен Алматы әкімдігінен шамамен 4 млрд теңге алды. «Жібек Жолы» бағдарламасы бойынша алғашқы кредит 45 млн теңге сомасында азық-түліктер сатумен айналысатын «Ас Маркет» ЖШС компаниясына берілді.

Қазірде екінші деңгейлі банктердің мақұлдауында 120 млн теңге сомасына 5 жоба жатыр. Жалпы сомасы 700 млн теңге болатын тағы 19 жоба қарауда.

Бағдарламаға алты банк қатысады: Сбербанк, АзияКредит Банк, Capital Bank, Bank RBK, DeltaBank және Астана Банкі. Қаражат олардың шоттарына траншпен түсетін болады.

«Delta Bank» АҚ - 500 млн. теңге;
«Сбербанк России» АҚ ЕБ - 900 млн. теңге;
«AsiaCredit Bank» АҚ - 500 млн. теңге;
«Банк «Bank RBK» АҚ - 600 млн. теңге;
«Астана Банкі» АҚ - 500 млн. теңге;
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ - 200 млн. теңге.

Бағдарлама мониторингін «Даму» Қоры қарыз берілгеннен кейін бір жыл ішінде жүзеге асырады. Әкімдікке мониторинг, жұмыс орындарын құру, салық төлеу бойынша барлық деректер ұсынылады.

«Қазіргі сәтте бұл сауда және қызметтер саласын қолдаудың үздік үлгілерінің бірі. Сауда саласындағы түйткілдерді шешу бойынша мұндай бірлескен жұмыс тәжірибесінің басқа да әкімдіктер, «Даму» Қоры, өңірлік кәсіпкерлер палаталарында қолдау табарына сенім білдіреміз» - деп есептейді ҚР ҰКП сауда комитеті хатшылығының басшысы Жібек Әжібаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер