Кәрілікке сақтап қою
Бизнеске арналған жаңа міндетті зейнетақы төлемдері жағымсыз салдарлар тудыруы мүмкін
Жұмыс берушілер үшін қосымша 5% міндетті зейнетақы жарнасын белгілеу есебінен зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтау компонентін енгізу жаңа жасырын салық белгілеу талпынысынан басқа ештеңе де емес. Депутат Азат Перуашев Парламент Мәжілісінің алқа отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақылық қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында осындай ой айтты. Мәжілісмендер заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, оны Сенаттың қарауына жіберді. Бірақ, Азат Перуашевтың ойынша, мұндай норма енгізілуінің салдарынан болатын барлық тәуекелдерді есептеп шығу маңызға ие.
Депутат ықтимал салдарлар қатарында Қазақстанда төленетін еңбекақылардың «көлеңкеге» кетуін де атады. Азат Перуашев сонымен қатар жаңа зейнетақы-аударымдық міндеттеменің енгізілуін «бүркемелі формадағы бизнеске арналған қосымша салықты» енгізуге теңестірді.
«Аталмыш міндетті зейнетақы аударымдарынан түсетін қаражатты қолдану жөніндегі ұсынылған формат мұның бюджетке міндетті төлем не салық екенін көрсетіп отыр. Мысалы, иегері аударымды қолданбаған жағдайда ол отбасына мұраға қалмайды, мемлекет табысына кетеді», - деп түсіндірді Азат Перуашев.
Мәжілісмен бұл жағдайда «зейнетақы реформасы басталған таза зейнетақы жинақтау жүйесінен ынтымақты жүйе элементтері бар аралас жүйеге кетуді заң жүзінде бекіту жайлы сөз болып отырғанына» сенімді.
«Бірақ бюджетке жасалатын жаңа міндетті төлемдер жайлы сөз болып отырғандықтан, мұндай нормалар, заң талаптарына сәйкес, олардың әлеуметтік-экономикалық салдарының есеп-қисабынан тұруға тиіс. Және де тәуекелдерді ескере отырып олардың әсер етуін талдау аталмыш нормалар күшіне енгенге дейін ұсынылуға тиіс», - деп есептейді Азат Перуашев.
Депутат алқа отырысында Қазақстан кәсіпкерлерінің басқа да түйткілдерін ортаға салды.
«Бизнес-қоғамдастықтың осыған ұқсас жүйе бойынша медициналық сақтандыру қорына қосымша аударымдар енгізу туралы әңгімелер төңірегінде алаңдап отырғанын алдын-ала ескерткім келеді. Ертерек айтып қояйын, мұндай бастамалар, осындай схемалардың қайталануы олардың қажеттігіне үлкен күмән тудырады», - деп атады ол. Азат Перуашевтың ойынша, «бизнеске деген жаңа әлеуметтік шығындарды үстей бермей», «бизнесті дамытуды ынталандыру және салық салу базасын кеңейту үшін, сауатты экономикалық механизмдер құрып алған дұрыс».
Мұндай тұрғыдан келу қазақстандық өнімнің өзіндік құнының өсуіне, бюджеттің табыс бөлігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Оның үстіне ДСҰ-ға кіріп жатырмыз, ЕАЭО аясында бәсекелестік күшейіп келеді, деп түйіндеді Азат Перуашев.
Жанар Бiрлiкқызы
Пікір қалдыру:
Пікірлер:
Рашид
Спасибо. Остальным стоит задуматься, чьи интересы вы защищаете?