astana-view

«Қазақстанда жасалған»

2015 жылғы 02 Шілде
14112 просмотров

Елордалық «Көрме» орталығында «NADLoC» Жергілікті мазмұнды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ (ҚР ИДМ) қамқорлығымен отандық тауар өндірушілердің «Қазақстанда жасалған» көрмесі өтті.

Отандық өндірушілер жетістіктерінің көрмесі таңқалдырып қана қоймай, көрмеге келушілерді ерекше әсерге бөледі.

Көрмеге жеңіл, тамақ, сонымен қатар ауыр және өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары қатысты. Бұл жерде бірнеше жыл ішінде Қазақстандағы темір жол үшін стрелкалық аудармаларды өндіру жөнінен көшбасшылардың бірі болған Павлодар облысының «Проммашкомплект» кәсіпорны өз өнімдерін ұсынды.

Тежегіш қалыптар шығаруды меңгеріп, жеңіл машиналарға арналған тежегіш қалыптардың конвейерлік өндірісін ашуды жоспарлап отырған оңтүстік өңір өкілдері де ерекше әсерде қалдырды. Көрмені ұйымдастырушылардың айтуынша, оның негізгі мақсаты – қазақстандықтарды отандық тауарлармен және оларды өндірушілермен таныстыру.

Жанар Бiрлiкқызы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер