astana-view

Палата сарапшылары жобаны жүзеге асыруға көмектесті

2015 жылғы 02 Шілде
- Ақмола облысы
9814 просмотров

Атбасар ауданының тұрғыны Қанат Әбдіков құрылыс материалдары өндірісін игеруге бел буыпты. Ол бұл бағытқа бұрыннан қызығып жүрген еді. Оның ішінде арболитті блоктар дайындау таңдалды. Қанат болашақ өндірісінің барлық қыр-сырын зерттеп алып, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысты, және де бүгінде гранттық қаржыландыру мәселесі шешіліп жатыр.

Негізгі мәселелер шешілген деуге болар еді. Ісін бастаушы кәсіпкер жабдықтар, шикізат сатып алу туралы ойластыра бастайды, бірақ бір тұсты ескермей кеткен екен. Қанат өндірісті жеке меншік үйінің аумағында тұрғызбақшы болады, алайда қалалық сәулет бөлімі ережелерге сілтеме жасай отырып, болашақ өнеркәсіп нысанының құрылысына тыйым салады. Әрине, мемлекеттік органдікі дұрыс, заңнама бар және оны орындау қажет. Кәсіпкер қиындыққа тап болды, себебі бос телім табу оңай емес еді.

«Ойламаған жерден осындай жағдайға ұшырадым. Өз ауламда өндірісті жөнге салуға тыйым салынды, ал телімді сатып алуға шамам жетпейді. Қаражат өндірісті іске қосуға ғана жетеді. Өз ойымнан бас тартқым келген, бірақ құрылыс материалдарын өндірудің келешегі бар. Жоспарларымды ұзақ уақыт бойы ойластырып едім, енді, міне, соңы да таяп қалғандай болған, жоба кідіріп қалды», - дейді Қанат Әбдіков.

Көмек Кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалынан келді. «Еңбек-Астана» РМК Атбасар филиалының басшылығымен келіссөздер жүргізіледі. Мемлекеттік кәсіпорында бос жатқан 400 шаршы метр өндірістік алаң бар екен. Ұсынылған орынға келіп, Палата сарапшылары мен Қанат Әбдіков телімнің жарамдылығына көздерін жеткізді. Бүгінде кәсіпкер грант беру жөніндегі шешімді күтіп жүр. 


Ұқсас жаңалықтар:

Алматыда «KazBuild-2024» өтіп жатыр
6 Қыркүйек
2024
Алматы қаласы
Металл прокатына жеңілдікті кредит
15 Қыркүйек
2015
Шымкент қаласы
Оралдық ноу-хау
2 Шілде
2015
Батыс Қазақстан облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер