astana-view

Қазақстанда құрылыс материалдарын өндірушілердің Бірыңғай тізілімі жасалды

2015 жылғы 07 Шілде
14908 просмотров

ҰКП интеграциялық процестерде отандық тауар өндірушілерді атаулы («нүктелік» ) қолдауға үлкен назар аударады, деп мәлімдеді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

«Бүгінгі таңда отандық тауар өндірушілердің ресейлік рубль бағамы салдарынан қолайсыз жағдайға қалуы салмақты түйткіл болып табылады. Көптеген тапсырыс берушілер құрылыс материалдарын шетелден, Қытайдан, Ресейден сатып алғанды жөн көреді, және де мұнда көлем әсері үлкен роль ойнайды. Онда үлкен жеңілдіктер ұсыну мүмкіндігіне ие ірі өндірістер жұмыс жасайды. Сонымен қатар, біз анықтағандай, жекелеген қазақстандық жобалау институттары, егер олардың өнімдерін алатын болса, ресейлік құрылыс материалдарын өндірушілерден белгілі бір маркетингтік жеңілдіктер (бонустар) алады. Осы дерекпен әліміз келгенше күресуге тырысып жүрміз», - деп түсінік беріп кетті Юлия Якупбаева. 

Сонымен бірге, Ұлттық палата жүргізген талдау көрсетіп отырғандай, отандық жобалау институттарының барлығы бірдей қазақстандық кәсіпорындар өндіретін өнім жайлы ақпаратқа ме емес. Палата Отандық тауар өндірушілер тізілімін құру арқылы осы кемшіліктің орнын толтыруға бел буды.

«Егер бастапқыда аталмыш процеске сенімсіздік байқалған болса, бүгінде қажет тізбеге сәйкес құрылыс материалдарын әзірлейтін 400-ге жуық өндіруші қалыптасып үлгерді. Бұны әзірше «уақытша» деректер базасы деуге болады. Оған СТ-KZ сертификатының иелері мен әзірше сертификаты жоқ, бірақ алудан үміткерлер кіреді. Болашақта өндірушілерді өндіріс қуаттылығының дәрежесіне, оның жүктелуіне, тапсырыстар санына қарай, қандай да бір кәсіпорынның әлеуетін ескере отырып іріктеуді жоспарлап отырмыз», - деді ҰКП басшысының орынбасары. Ол сонымен бірге аталмыш жұмыстың NaDLoG ұлттық агенттігімен бірге жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Бір айта кететіні, отандық тауар өндірушілер он-лайын режимінде сауалнаманы толтырып, Тізілімге кіре алады.

Сонымен қатар, ҰКП төрағасының орынбасары атап өткендей, Тізілімді жасақтау баға белгілеумен айналыстаын институт ҚазҚСҒЗИ деректер базасын ұлғайтады. Оның негізінде ресурстық әдіс қалыптасады.

Юлия Якупбаеваның айтуынша, 2015 жылғы 1 шілдеден бастап ресурстық әдіске көшу жүзеге асырылады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша барлық бағалар 2001 жылғы базистік индекс бойынша емес, ағымдағы бағалалар бойынша жүретін болады, ал ол үшін Тізілімнің арқасында кеңейтілетін тауарлардың күллі номенклатурасы қажет болады.

ҰКП төрағасының орынбасары атап өткендей, Отандық тауар өндірушілер тізілімінің құрылуы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі құрылысының жағдайында өзекті. Олардың арасында өнімі барлық қажет талаптарға сәйкес келетін адал ниетті өндірушілер анықталатыны сөзсіз және болашақта оларға қандай да бір босаңсытулар берілуі мүмкін. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер