astana-view

Сөз бизнесмендерге беріледі!

2015 жылғы 08 Шілде
- Ақмола облысы
9556 просмотров

Көкшетауда «Кәсіпкер хабаршысы («Вестник предпринимателя») газетінің алғашқы данасы жарыққа шықты

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі туралы ақпарат, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы өткізетін іс-шаралар туралы материалдар, бизнесмендермен сұхбат, саяси, экономикалық жаңалықтар – осының бәрі мамандандырылған іскерлік басылым беттеріне шығатын болады.

Оқырмандарға Кәсіпкерлер палатасында бір кәсіпкерге ғана емес, бизнесмендердің кең топтарына қатысты өткір мәселелердің қалай шешіліп жатқаны айтылады, Қазақстан мен Ақмола облысының іскер өміріндегі маңызды оқиғалар жайлы ақпарат беріледі.

«Түрлі мемлекеттік қолдау құралдары жайлы ақпаратты ісін бастаушы кәсіпкерлер де, әрекет етуші кәсіпкерлер де алатын болады. Барлық негізгі мәселелер сипатталған әрі қажет міндеттер шешілген түрлі нұсқаулықтар, қызықты іс, тауашалар мен мүмкіндіктер табуға сеп болатын бизнес-идеялар осы жерден табылады», - деп баса көрсетті Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Уәлихан Ғабдуллин.

Бұл Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бастамасымен жүзеге асырылған екінші медиажоба екенін атап өту керек. Былтыр Палата қолдауымен «Бизнес-идея» телевизиялық жобасы бастау алған болатын. Аталмыш жоба бір жыл өтпей жатып өңірдегі іскер қоғамдастық арасында танымалдыққа ие болды.

Газет шығарушылар басылымның оқырмандар үшін қызықты да пайдалы ақпарат көзі ғана емес, өзінше бір бизнесті дамыту құралына айналарына сенімді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер