astana-view

Күнәға бармайық!

2015 жылғы 08 Шілде
- Алматы қаласы
10144 просмотров

Жабық нысандарда орналасқан асханалар үшін жалдау мөлшерлемесінің шамадан артық көтерілуі кәсіпкерлерді жұтатса, қоғамда әлеуметтік қақтығыс тудырады

Биылғы жылдың сәуір айында жалгерлер Алматы Кәсіпкерлер палатасына ҚР Ұлттық министрлігі «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» №212 бұйрығы қабылданғаннан кейін ерекше өсіп кеткен (9-12 есе!) жаңа жалдау мөлшерлемелеріне шағыммен жүгінген болатын.

Бұл мәселе Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысында көтерілді, сосын Ұлттық палата шешімін табу үшін түйткілдер тізіліміне қосты. ҰКП бастамасымен сәтсіз бұйрыққа түзетулер енгізіліп, ол жағдайды өзгертті, бірақ … жалгерлердің бір санаты үшін ғана – мектеп және колледж асханалары үшін.

«Өзгертулер 26 маусымда күшіне енді. Жаңа бұйрық аумақтық орналасу коэффициентінің төмендеуін көздеп, осының есебінен жалдау ақысының құны төмендеді, бірақ көп емес. Оның үстіне бұл төмендеу тек мектеп асханаларын жалдаушыларға ғана қатысты болды, ал жоғары оқу орындарында, денсаулық сақтау мекемелерінде және әскери бөлімдерде асхана жалдаған қалған кәсіпкерлер үшін баға сол күйі қала берді. Сонымен қатар бұл түйткілмен «Тенгри Умай» қоры, ПИК өкілдері жүгінген еді. Осыған орай біз ҰКП-ға жаңа ұсыныстарымызды жолдадық», - деп түсіндірді Алматы Кәсіпкерлер палатасы директоры орынбасарының міндетін атқарушы Салтанат Лесбаева.

Сонымен қатар кәсіпкерлердің наурыздан бастап маусым айына дейін жалдау ақысын қалай төлейтіні жайлы мәселе шешілмей қалды. Егер наурыздағы мөлшерлемемен төлейтін болса (өзгертулерге дейін қабылданған), онда олардың бәрі банкрот болады.

«Когай» ЖК директоры Елена Попкова 2015 жылғы наурыз айына дейін асхананы жалдағаны үшін жылына 351 мың теңге төлегенін айтты. Жаңа бұйрық қабылданғаннан кейін қаржы басқармасы оған 4 млн 700 мың теңгеге шот береді де, түзетулер енгізілгеннен кейін шот екі есе - 2 млн теңгеге дейін төмендейді. Бірақ осы соманың өзіне оның шамасы жете қоймайды.

«Менің асханам жабық типте, тек офицерлер – бар-жоғы 30 адам тамақ ішеді, таңғы ас жоқ, тек түскі ас қана. Шарт бойынша түскі ас 500 теңге тұрады. Күнделікті ең жоғарғы ақшалай түсім - 15 мың теңге. Егер басқа асханалар алкоголь, шылым,тағы да басқа заттар сата алатын болса, бұған бізде тыйым салынған. Қалай да ай сайынғы ақшалай түсім 400 мың теңгеден аспайды. Осы сомадан салық, еңбекақы төлеуім керек – үш адам жұмыс жасайды, - коммуналдық қызметтер… жылу үшін ғана айына 80 мың теңге төлейміз. Сондай-ақ азық-түлік сатып алу керек», - деп назаланды кәсіпорын директоры.

Жабық типтегі басқа да асханалар осындай жағдайға ұшырап отыр. Кәсіпкерлер палатасына медициналық қызметкерлер тамақ ішетін қалалық ауруханалар жанындағы асханаларды жалдайтын бірнеше жеке кәсіпкер жүгінді. Бұрындары олар жалдауға айына 400-500 мың теңге төлеген екен, жаңа бұйрық бойынша оның құны 5 миллионға өсіп кеткен.

«Жалдау ақысы көтеріліп кеткен соң тамақ бағасын бірнеше есе көтеруге мәжбүр болып отырмыз, бұл аурухана қызметкерлерінің наразылығын тудырады. Бұйрықты орындау әлеуметтік шиеленіске алып келуі мүмкін, өйткені бұл біз үшін жалғыз табыс көзі. Барлығының отбасы бар, ипотека бойынша кредит төлейді», - дейді “Бижанов” және “Аманжолова” ЖК басшылары.

Елена Попкова бір жөні боларына сенеді, әйтпесе ол 20 жыл жұмыс жасап келе жатқан асханасын жабуға мәжбүр болады. «Оның қабырғасы қақырап жатыр еді, толығымен күрделі жөндеуден өткіздік. Жыл сайын косметикалық жөндеу жасап отырамыз. Қазір ештеңе істей алмаймын, еш ынта жоқ», - дейді ол.

Салтанат Лесбаева кәсіпкерлермен келіседі.

«Жалдау үшін 4-5 миллион төлеу – сонда табыс қандай болуы керек? Және де өзгерістер тек бір санат – мектептегі асханадар жалгеріне қатысты болған екен. Жоғары оқу орындарындағы, денсаулық сақтау мекемелеріндегі, әскери бөлімдердегі жалгерлердің не істегені жұрыс - түсініксіз. Егер Ұлттық экономика министрлігі  бұл бұйрығын қайта қарамаса, тағы да қоғамдағы әлеуметтік шиеленіске тап боламыз, себебі осы жалгерлердің барлығы жабық мекемелерде жұмыс жасайды, оларға көшеден ешкім кірмейді. Олардың барлығы әлеуметтік маңызы бар нысандар. Аурухана жұмысшылары мен студенттер көп табыс таппайды. Онда азық-түлік құнын көтеруге болмайды”, - деп қорытты ол.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер