astana-view

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі – нарық теңізіндегі шамшырақ

2015 жылғы 09 Шілде
11102 просмотров

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі еліміздің бәсекеге қабілеттілігіне кешенді мониторинг және талдау жүргізу аясында шілде-тамыз айларында төрт өңірлік семинар-жиналыс өткізеді.

Семинар-жиналыстар бәсекеге қабілеттілікті көтеру, бәсекеге қабілеттілікке әсерін тигізетін сынақтар мен мүмкіндіктерді талқылау, бұдан арғы әрекеттерді дайындау мақсатында өткізіледі. ҰЭМ ғылыми ұйымдар, бизнес-орта, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен тәуелсіз сарапшылардың Қазақстан экономикасы деңгейін бағалауға қатысты ұсыныстарын зерттеп шықпақшы.

Семинар-жиналыстарға бизнесті дамыту түйткілдерімен айналысатын ғылыми ұйымдар, жоғары оқу орындары, бизнес-қоғамдастық, сараптау қоғамдастығы, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар, жергілікті атқару органдары қатысады.

Талқылануға белгіленген тақырыптар арасында – адами капиталды дамыту, ғылымды қажетсінетін экономика салаларын дамыту, инфрақұрылымды жедел қалыптастыру, инновацияларды дамыту және басқалары.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер