astana-view

ІТ мамандармен бейресми кездесу

2015 жылғы 10 Шілде
9903 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Астана қаласының ІТ-компаниялары басшылығының бейресми кездесуі өтті

«Атамекен» ҚР ҰКП атқарушы хатшысы Евгений Больгерт «жасыл экономика» және Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар комитеті Хатшылығы қызметінің басты аспектілері жайлы презентациямен сөз алды.

Елордалық IT-сала өкілдері Қазақстан Республикасы заңнамасындағы Палата бастамалаған соңғы өзгерістерге шолумен танысты. Жиналғандар «Атамекен» ҚР ҰКП көрсететін кәсіпкерлерді бейқаржылық қолдау құралдары жайлы ақпарат алды. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне байланысты ІТ саласында бизнес жүргізу шарттары жайлы ақпарат ерекше қызығушылық тудырды.

Кәсіпкерлермен сұхбатта түйткілдер ашылып көрсетілді. Соның ішінде, мемлекеттік сатып алулар бойынша тендерлерде артықшылық беруге негіздеме ретіндегі СТ-KZ сертификатының жоспарланып отырған күшін жою туралы және үкіметтік емес құралдар (сертификаттар) көмегімен субсидиялар беру мүмкіндігі.

ЕАЭО нарықтарында бәсекелестіктің күшеюі жағдайында ІТ-кәсіпорындарға салық ауыртпалығын төмендету мүмкіндігі және шетелдік ІТ-компаниялардың мемлекеттік сатып алуларға қатысуына мораторий енгізу мүмкіндігі қызығушылық тудырды. ІТ-кәсіпорындардың саладағы кәсіби стандарттарды мақұлдау және бекіту мәселелері де қозғалды.

Бизнесмендер «Атамекен» ҚР ҰКП ақпараттық технологиялар саласының түйткілдерін шешу жөніндегі жұмысы жайлы нақты түсінікке ие болды.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер