astana-view

«Адем»: залал сомасы қандай?

2015 жылғы 10 Шілде
- Алматы қаласы
10634 просмотров

«Адем» Сауда Орталығындағы орындары өртеніп кеткендердің залал сомасын айқындауы сұралды

Алматы Кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен «Атамекен» Пікірталас клубының кезекті отырысының тақырыбы «Адем» Сауда Орталығында орын алған апат салдарына арналды. 2015 жылғы 27 сәуірде 1600-ден астам тауарлы бутикті жойып жіберген өрт орын алғанын еске саламыз. Әзірше расталмаған деректер бойынша, «Адем» саудагер-жалгерлерінің залалы шамамен 200 миллион долларды құрап отыр.

Алайда, анықталғандай, өрттің нақты себебін жете ажырату мүмкін болмай отыр – өртеніп кеткен «Адем» бойынша сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды. Бұл туралы Жетісу ауданы прокурорының орынбасары Димаш Шүйкебаев мәлімдеді. Оның айтуынша, ғимаратқа кіру қиындап кеткен.

«Іс әзірше тоқтатылды... Сот өрт-техникалық сараптамасы тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша сарапшылар сауда жайына, нақтырақ айтқанда, одан қалған орынға кіру мүмкін емес деген өтінішхат берді. Онда екінші және бірінші қабаттардағы барлық жабындарды ғимараттың металл құрылыс конструкциялары басып қалған. Ғимарат ішіндегі кез-келген қимыл, кез-келген жұмыс қауіпті, себебі конструкция кез-келген уақытта опырылып құлауы мүмкін… Үйінділерді аршу үшін, сарапшылар жұмысы үшін, арнайы техника қажет», - деп түсіндірді аудандық прокуратура өкілі.

Пікірталас клубы қатысушыларының оқиға орнын тазарту мерзімі туралы орынды қойылған сауалына прокурор жауап бере алмады, себебі ғимаратты демонтаждау операциясының өзі қаражат қажет етеді. Олар бар, бірақ сауда орталығының иесі ең арзан ұсынысты іздеп жүр.

«Қазір демонтаж жұмыстарын жүзеге асыратын компаниялардың коммерциялық ұсыныстарын жинақтап жатырмыз. Жұмыс оңай емес, сондықтан да әзірше қолымызда бірнеше коммерциялық ұсыныс қана бар. Кірісуге дайын көптеген ірі компаниялар бірқатар талаптарды алға тартуда. Сондықтан да қазір осыны қарап жатырмыз. Жақын күндері ақпаратқа қол жеткізіп, ұсынамыз деген сенімдемін», - деді «Алматы XXI ғасыр» ЖШС компаниясының өртеніп кеткен сауда орталығы иесінің өкілі Данияр Сәрсембаев.

Ғимарат үйіндіге айналды және өртеніп кеткен бутиктерге жету мүмкін емес, сондықтан да «Адем» сауда орталығында сауда жасаған кәсіпкерлерге келтірілген залал сомасы күмән тудыруы заңды.

«300-400 адам өтініш бергеніне қарай, бір адамға 800 мың теңгеден аламыз. Яғни түсінеміз, «Адем» СО бутиктері, онда бәріміз де болғанбыз… Бірақ 800 мың – бұл өте аз. Тіпті 800 мың деп есептеп көрсек, 1300 зардап шеккенге миллиардан астам теңге болады. Бұл дұрыс емес. Менің есептеулерім бойынша, орташа алғанда, әрбір бутикте шамамен 100 мың доллардың тауары болды. Сонымен бірге асхананың 2 миллион долларға зардап шеккенін білемін… Сонда залал сомасы туралы шынайы түсінік те жоқ болып шықты», - деді пікірталас кезінде экономикалық шолушы Денис Кривошеев.

Журналист сонынен қатар өрттің оңтүстік астана қалыптастыратын жалпы ішкі өнімге әсеріне нақты сараптама қажет екенін атап өтті. Бұл көрсеткіштің базармен бірге қанша бөлігі өртеніп кеткенін Алматы әкімдігі айтқан жоқ.

«Ақшаның тағы бір бөлігі ескерілмегенге ұқсайды. Түсіне алмай отырмын, ол қайда жоғалып кетті? Бұл бутикті әркім сатып алды, құны орташа алғанда 25-100 мың доллар аралығында болды. Сәйкесінше, шығын 1600 бутик – бұл сонша шығын ба? Әуеге ұшып кеткен ақша және ол ешқашан қайтпай ма?» - деп қызығушылығын білдірді сарапшы.

Оның ойынша, қала билігі бірдеңені айтпай отыр.

«Жиналып, қорқатын ештеңесі жоқ екеніне бір-біріңнің көзіңді жеткізіп, шынымен қанша жоғалтқандарыңды айтқанша, прокуратура да, ҰКП да, біз – сарапшылар да, ешкім де көмектесе алмайды! Естеріңізді жиыңыздар! Сонда ғана өмірде ең құрығанда бір рет адамдардың қанша жоғалтқаны, әділ сома мәлімделеді», - деді сарапшы өртеніп кеткен орын иелеріне қарата. Денис Кривошеевтің сөзіне қол соққандар да болды.

Дей тұрғанмен, өрт кезінде зардап шеккен 300 адамның мүддесін танытушы адвокат Василий Резван шынайы залал сомасы жайлы дәйекті деректер қолымда деп есептейді, себебі кәсіпкерлер қуынымына қосымшаларды өз қолымен дайындапты, ал онда жиналған дәлелдер ұсынылған.

«Қазір 10 қуыным өтіп отыр және бүгінгі сәтте, қызметі лицензиялы сипат алатын аудитор деректеріне сәйкес, залалдың орташа құны 10-50 миллион теңге аралығын құрайды. Залал шеккендер санына қарай, мұндай қуыным 50-300 аралығында болады», - деп ақпарат берді Василий Резван пікірталас клубының мүшелеріне.

«Адем» жалгерлерінің құқығын қорғау мәселесі «Атамекен» ҰКП бақылауында екенін еске саламыз. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер