astana-view

Кейінге қалдырылды

2015 жылғы 15 Шілде
8724 просмотров

Кәсіпкерлік кодекс күзге қалдырылды

«Кәсіпкерлік кодекс» жобасын және оған ілеспе заң жобасын қарау тек биылғы жылдың күзінде ғана жалғасын табады. Мәжіліс спикері Қабиболла Жакупов бүгін Парламент Палаталарының бірлескен отырысы барысында осылай деп хабарлады.

V шақырылым Парламентінің төртінші сессиясына қорытынды жасай отырып спикер екі құжатты да «Мәжіліс өткен сессияда жедел түрде күтіліп отырған «Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексін» және оның ілеспе заң жобасын жедел түрде қарауға даярлағанын» атады.

Қабиболла Жакупов берген деректерге сүйенсек, олар бойынша жұмыс тобының елуден астам отырысы өткізілген, депутаттар 1600 түзетулер мен ұсыныстар енгізіп, оның бес жүзден астамы қабылданған. «10 кодекс пен 90-нан астам басқа да заңнамалық актіге өзгертулер мен толықтырулар енгізілді, ал 11 заңның күшін жоюға шығарылды. Алайда, Ұлттық Комиссияның модернизация жөніндегі ұсынысына орай Премьер-Министр бұл заң жобаларын келесі сессияда қарауды сұрап отыр», - деді Мәжіліс төрағасы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер