astana-view

Жекешелендіру жүріп жатыр!

2015 жылғы 17 Шілде
13440 просмотров

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» №280 Қаулысына сәйкес, республикалық меншік нысандарын сатады. Өткізу Жекешелендіру нысандарын сату ережелеріне сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.08.2011 жылғы № 920 Қаулысы) жүзеге асырылады.

Қазірде сатуда тұрған нысандар (өткізу бағасы, сатылатын мемлекет үлесінің мөлшері, сауда әдісі көрсетілген):

Өткізу нысаны

Өткізілетін мемлекеттік қатысу үлесінің мөлшері

Сату құны, теңге

Сауда әдісі

Нысан түйіндемесі

«Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ

100 %

1 800 000 000

Электронды тендер

«Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» түйіндемесі

«Қазақ көлік лизинг компаниясы» АҚ

100 %

836 527 500

Электронды аукцион голландтық әдіспен

«Қазақ көлік лизинг компаниясы» түйіндемесі

«Еуразиялық су орталығы» Ғылыми-өндірістік бірлестігі» АҚ

100 %

22 000 000

Электронды аукцион голландтық әдіспен

«Еуразиялық су орталығы» Ғылыми-өндірістік бірлестігі» түйіндемесі

«Күзет» Мамандандырылған күзет бөлімшесі» АҚ

100 %

369 000 000

Электронды тендер

«Күзет» Мамандандырылған күзет бөлімшесі» түйіндемесі

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ

25 %

411 891 000

Электронды аукцион ағылшын әдісімен

«Экономикалық зерттеулер институты» түйіндемесі

«ҚР ДӘДМ қоғамдық денсаулық сақтау жоғарғы мектебі» РМК ШЖҚ мүліктік кешені

100 %

664 326 000

Электронды тендер

«Қоғамдық денсаулық сақтау жоғарғы мектебі» түйіндемесі

«Казгипролесхоз» Қазақ мемлекеттік орман шаруашылығын жобалау жөніндегі жобалау-іздеу институты» РМК ШЖҚ Мүліктік кешені

100 %

321 641 000

Электронды тендер

«Казгипролесхоз» түйіндемесі

«Жас өркен» ЖШС  (баспа басылымы)

100 %

16 481 000

Электронды тендер

«Жас өркен» түйіндемесі

«Қазақгазеттері» ЖШС

100 %

19 580 000

Электронды тендер

«Қазақгазеттері» түйіндемесі

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары медиа-орталығы» ЖШС

100 %

42 500 000

Электронды тендер

«Ішкі істер органдары медиа-орталығы» түйіндемесі

 

Аталмыш нысандар бойынша сауда жақын күндері өтеді. Сауда өткізу туралы хабарламалар саудаға дейін 15-30 күн бұрын БАҚ және интернет-ресурстарда жарияланады:

Сауда www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында электронды форматта өтеді. Қатысу үшін www.gosreestr.kz сайтына тіркелу және нысан құнынан 20% мөлшеріндегі кепілдемелік жарна қажет болады.

Республикалық меншік нысандарын сату туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан қарауға және мына телефондардан алуға болады:

  • 8 /7172/ 309 824 ішкі 211 «АЕО» АҚ
  • 8 /7172/ 717 796 ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

Нысандар түйіндемелері, құнын бағалау және қаржылай ахуалы жайлы есептермен бірге нысандар туралы егжей-тегжейлі ақпаратпен ҰКП сайтында таныса аласыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер