astana-view

Мақта бизнесіндегі заңды тәсілдер

2015 жылғы 22 Шілде
11474 просмотров

«Атамекен» ҰКП бастамасымен мақтаны қайта өңдеушілер қызметін реттемелеуші заңнамаға өзгертулер қабылданды

Мемлекет басшысы мақта саласын мемлекеттік реттеуді жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласын дамыту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң мақтаны қайта өңдеу ұйымдары үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қойылған бұрын болған шектеулерді алып тастайды. Бұл мақта жинаушылардың қажеттіліктеріне икемді әрі жедел жауап қатуға мүмкіндік береді.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақ мақта қауымдастығы және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Розақұл Халмұрадовтың қолдауымен заңнамаға өзгерту енгізуді бастамалаған болатын.

«Мақта саласын дамыту туралы» ҚР Заңының 15 бабы 1 тармағы пікірталас мәніне айналды. Бұл норма мақтаны қайта өңдеуші компаниялардың арнайы қолхат берумен мақтаны қоймалау бойынша қызмет көрсетуге жатпайтын қандай да бір кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына тыйым салды деуге де болады. Ол сонымен қатар кепілдік беруге, жеке мүлікті үшінші тұлғалардың міндеттемесімен кепілге ұсынуға, негізгі қаражатты иеліктен шығаруға тыйым салды. Палата сарапшыларының пікірінше, осы элементтер болмаса қойма қызметтерін көрсету бойынша қызметті іске асыру толығымен мүмкін емес.

«Егер бұл тыйымды тікелей түсіндірер болсақ, онда мақтаны қайта өңдеуші компаниялардың тіпті мақта шикізатын қайта өңдеуіне де тыйым салынады. Ал мұндай кәсіпорындардың негізгі қызметі де осы емес пе», - деп түсіндірді Палата сарапшысы.

Сонымен қатар, заңды дайындаушылар мақта компанияларының жеке мүлкін билеуін шектей отырып, конституциялық меншік құқығын бұзуға жол беріп отыр деуге де болады (ал оның негізі мүлікті иелену, пайдалану және билеу құқығы болып табылатыны белгілі).  

Заңгерлер Ауыл шаруашылық мамандарына бұл тармақты алып тастау кәсіпорындардың мақта өсірумен айналысатын шаруалардың көктемгі далалық жұмыстарын бірге қаржыландыруға қатысуына, Тоқыма кластерін дамытуға, нарық қатысушылары арасындағы кооперацияға, өндірістік қуаттылықтарды уақытында жетілдіруді ұйымдастыруға қатысуына мүмкіндік береді деп сендірді.

Палата және салалық қауымдастық сарапшыларының екі жыл бойғы белсенді талқылауынан кейін ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі жоғарыда аталған норманың алынып тасталуын қолдады.  

Заңның қазіргі редакциясында шикізат мақтаны дайындау және сатып алу процестерін реттеу сияқты түзетулер де көзделеді. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы уәкілеттіктерді ажыратуда және сотқа мақтаны қайта өңдеуші ұйымдарды уақытша басқаруды жүргізу, оны ұзарту және тоқтату мәселелері бойынша уәкілеттік беруде туындаған қайшылықтар жойылуда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер