astana-view

Кәсіпкерлік кодекс қолданыстағы 100-ден астам заң актілерінің қызметін алмастырмақ

2014 жылғы 28 Ақпан
8235 просмотров

Жаңадан әзірленетін кәсіпкерлік Кодекс қолданыстағы 100-ден астам заң актілерінің қызметін алмастырады. Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен брифингтке Ұлттық палата Басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева мәлімдеді.

«Кәсіпкерлік туралы Кодексті қабылданған соң жүздеген заң актілерінің күші жойлады. Өйткені, ол заң актілері Кодекске енгізіледі. Бұл кәсіпкерлер үшін өте тиімді. Себебі, заң талаптары көп. Оның бірі болмаса бірінде бизнесмендер қателік жіберуі ықтимал. Сол үшін кәсіп иелері қиындық көріп те жүр», - деді Құрбанбаева.

Басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша, шағын және орта бизнесті жоспарлы тексеруге жарияланған шектеу халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мекемелер мен қаржылық ұйымдарға қатысты емес.

«Биылғы жылға жоспарланған тексерулердің ішінде кейбір қаржылық ұйымдар бар. Мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында атом энергетикасы, қару, есірткі мен жарылғыш құрылғылар айналымымен айналысатын мекемелерге жоспар бойынша тексеру жүргізіледі», - деді ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, бұл тексерулер орталық мемлекеттік органдардың шешімі мен Бас прокуратураның келісімімен жүзеге асырылады. Сонымен қатар тек өңірлік деңгейдегі тексерулер облыс әкімдіктерінің шешімі бойынша атқарылады.

«Мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметі үшін 1-қаңтардан бастап жаңа кезең басталады. Бас прокуратураның сайт парақшасынан тексерулер жоспарын, тәуекелді бағалау жүйесі мен тексеру құжаттарын көрмейсіздер. Тек нақты камеральді тексеріс пен елдегі жағдайды бағалау ғана болады. Егер төтенше жағдай дәйектері тіркелсе немесе сапасыз азық-түлікке қатысты арыз-шағым болса, олар автоматтандырылған бір жүйеге енгізіліп, белгіленген талаптар бойынша кәсіпкерлік қызметке баға берілмек», - деді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер