«Атамекен» бизнесті кәсіпкерлік картасын дайындауға қатысуға шақырады
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы зерттеу жүргізіп жатыр. Оның нәтижесінде әрбір өңірдің мамандануы айқындалады
Атап айтсақ, «Атамекен» әрбір өңірде кәсіпкерлікті экономиканың қай саласында дамытудың мүмкін әрі лайықты екенін, сонымен қатар бүгінгі таңдағы бизнеске ол үшін қандай жағдай жасау керектігін анықтауды жоспарлап отыр.
ҰКП осыған орай өзінің өңірлік өкілдіктері арқылы барлық облыс орталықтарында, қалалар мен аудандарда кәсіпкерлер мен халық арасында сауалнама жүргізуде, сұхбаттасу үшін бизнес-орта, жергілікті атқару органдары, қаржы ұйымдары мен экономикалық даму институттары өкілдерімен кездесу өткізуде. Палата барлық кәсіпкерлерді сауалнамаға қатысып, өз ой-пікірлерін білдіруге шақырады. Мұны қазақ және орыс тілдерінде онлайн тәртіпте жасауға болады (сілтемелер төменде берілген). Алынған ақпарат елдің әрбір өңіріндегі бизнесті жүргізу жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлікті дамытудың 16 өңірлік картасы жасалды, олар:
- кәсіпкерлікті дамыту үшін әрбір өңірдің мамандануын;
- өңірде кәсіпкерлікті (кәсіпкерлік әлеуетті) дамыту және бизнес жүргізу үшін қажет жағдайды;
- әрекет етуші кәсіпкерлік субъектілерін;
- өңірдегі жасырын қорлар мен әлеуетті өсу нүктелерін ескере отырып, кәсіпкерлікті дамытудың келешегі бар бағыттарын анықтайды.
Жүргізілген жұмыстар нәтижелері бойынша кәсіпкерлікті дамытудың ортақ бір қарапайым электронды өңірлік картасы жасалады. Карта жалпыға қол жетімді әрі ондағы мәліметтер құрамы мынадай:
1. Өңір бойынша толық талдамалық шолу және экономикалық деректер (сонымен бірге дамытуға арналған негізгі шарттар: инфрақұрылым; адами капитал; қаржыландыруға қолжетімділік – даму бағдарламалары және мемлекеттік қолдау; өткізу нарықтары – ҚР, шекара маңындағы өңірлер).
2. ҚР 16 өңірінің мамандануына сипаттама және дамудың келешегі бар бағыттары (басым бағыттар).
3. Өңірлердің мамандануына негізделген өңірлер бойынша жобалау бастамалары (әлеуетті жобалар), олар бойынша әрекеттегі мемлекеттік даму бағдарламалары аясында қолдау көзделеді.
«Біздің мақсат, біріншіден, әрбір өңірді талдау, оның тарихи мамандануын түсіну: кеңес заманында өңірде өндірілген дүниелер, ал қазір неге өндірілмейді. Екіншіден, біз өңірлер ерекшеліктерін зерттейміз: қандай шикізат бар, оның негізінде қандай да бір өндіріс құруға бола ма, ол нарықта сұранысқа ие бола ма», - деп атады ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.
Оның айтуынша, кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасын даярлау барысында, «оларға жеткізу үшін нені өндіру немесе өсіруге болатынын түсіну үшін және осының негізінде талдау жүргізіп, қай өңірде қандай өндірісті іске қосуға болатынын түсіну үшін», көршілес елдер нарықтары зерттеледі: Қытай, Ресей. Палата басқармасы төрағасының орынбасары өңірлік даму картасының шетелдік инвестициялар тарту құралы болатынын баса көрсетті.
Зерттеулерді 2015 жылдың соңына қарай аяқтау жоспарланып отыр.
Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін электронды сауалнамалар орналастырылды:
Пікір қалдыру:
Пікірлер: