astana-view

Өтінеміз, толық тізімді жариялаңыз!

2015 жылғы 29 Шілде
- Ақтөбе облысы
10198 просмотров

Ақтөбелік мемлекеттік органдар кәсіпкерлерден заңнамада көзделмеген құжаттарды талап еткен

Ақтөбе облысында жергілікті атқару органдарының да, Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің де заңнамада көзделмеген құжаттарды талап ету деректері анықталды.

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы мен прокуратура қызметкерлері бірлескен тексеріс барысында осындай қорытынды жасады.

«Бір ғана мысал келтірейін. Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген «Сәулет-құрылыс тапсырмасын беру» Мемлекеттік қызмет стандартының талабын бұза отырып, кәсіпкер Л.Өтеповтен қосымша жеке куәлік көшірмесін, жер теліміне құқық бергені туралы әкімдіктің қаулысын, техникалық төлқұжатты, жер теліміне актіні, жұмыс жобасын талап еткен. Кейін өтініштерге жергілікті атқару органының жер телімін беру туралы актісі тіркелмегеніне орай сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруден бас тартылады. Осындай 55 жағдай белгілі болып отыр: Ақтөбе қаласы бойынша – 14, Хромтау ауданы бойынша – 41», - деп Палата директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Мирлан Бейсенғалиев palata.kz –ке жеткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер