astana-view

Денис Кривошеев Ұлттық банкті экономика өсімі үшін жауап беруге міндеттеуді ұсынды

2015 жылғы 30 Шілде
9462 просмотров

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының штаттан тыс кеңесшісі Денис Кривошеев бүгінгі таңда реттеушінің функциясы нақтыланбаған деп есептейді.

«Менің ойымша, Ұлттық банк міндетіне «Экономика өсімі» сияқты тармақты қосу қажет. Сонда ғана ол нарық үшін өтімділікті іздеуге мәжбүр болады, оның үстіне, кезінде арзан өтімділікке қол жетімділікті 2009 жыл дағдарысы және сыртқы қарыздар бойынша міндеттемелерді қайта құрылымдау нәтижесінде жауып алған едік. Қазір ол инфляция үшін ғана жауап беріп отыр», - деп мәлімдеді ол.

Сарапшы Қазақстанда банктердің бизнеске шынымен де қолайлы пайыздарды кредиттей алатын жағдайын жасау қажет екенін атады. «Ол үшін Ұлттық банк негізгі қаржы көзі ретінде арзан ұзақ мерзімдік ақшаларды алу үшін бар жағдайды жасауы керек», - деді ол.

«Кез-келген жеңілдікті мемлекеттік қолдау бағдарламалары – бұл өте жақсы дүние, бірақ бұл экономикадағы бейкоммерциялық әрі бейлибералдық ұстаным», - деп баса айтты экономист.

Денис Кривошеевтің ойынша, Қазақстанда девальвация жүргізу қажет, себебі теңгенің долларға қатысты құны әділетсіз түрде көтеріліп кеткен. «Кез-келген дұрыс ойлайтын экономист теңгеге жинақталып қалған инфляциялық айырмашылықтың теңге құнының әділетсіздігінен хабар беретінін түсінеді. Біздің экономика тиімсіз, себебі бізде теңге о бастан асыра бағаланған. Қазақстандық өнім қымбат және бәсекеге қабілетсіз – ол шикізат па, әлде дайын өнім бе, маңызды емес», - деп түсіндіре кетті ол.

Сарапшы сонымен қоса рубль құны жөнінен әділ инфляция белгісіне қол жеткізілген Ресейді мысалға келтірді.

«Бірінші кезекте, теңге бағамының құнын өзгертуіміз керек, оны шынайы құнына келтіруіміз керек. Теңге бағамының қазіргі жағдайы ақырында еш жақсылық әкелмейді», - деп қорытты ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер